Объяснение:
Ырыс дегеніміз не? Ынтымақ деген не мағына? Ырыс сөзін – береке, ынтымақ сөзін – бірлік мағынасымен синонимдес етіп қарастыруға болады. Ырыс-ынтымақ, береке-бірлік ұғымдары тете қолданылатын егіз тіркестер.
«Бірлігі жарасқан ел», «Бірлік болмай, тірлік болмас», «Береке басы – бірлікте» деген қанатты сөздерді жиі қолданамыз. Бізге бірлік не үшін керек? Бірліктің белгісін қайдан көреміз?
Берекені бетке ұстаған басы бір ел болу үшін мемлекетке татулық қажет. Мемлекет отбасыдан құралады. Әр отбасы өз ішінде ынтымағы жарасқан татулық сақтаса, еліміз де байы кедейіне қарасқан дамыған мемлекетке айналары хақ.
«Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, барлық жетістіктерінің негізі» деп еліміздің көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, елді көркейтуге үлес қосамын, мемлекетті жетістікке жеткіземін деген әрбір жан өзінен бастап, қисынды қоғамды құруға қатысады.
Ертең жеке шаңырақ, бөлек отау болғанда араласатын адамдарымыз – қазір бір кеседен су ішіп жүрген бауырларымыз. Солар үшін жан беруге де әзірміз. Әрқайсысымыз өз сыңарымызды тапқанда, оларды естен шығармай, қарайласып тұру үшін қазірден бастап өзімізді жанашырлыққа, бауырмалдыққа баулуымыз керек.
Өз туған-туыстарымызға қырғи-қабақ көрсетіп, араласпай жүретін болсақ, өзге кісілермен тым жақын араласып, тату болғанымыздан пайда жоқ. Балапан ұясында мейірімділікпен, қамқорлықпен сусындап өссе, одан қатігез, қайырымсыз кісі шығуы мүмкін емес. «Дастарқан дарқанды болса, үй іші де шырайлы, бала-шаға да шат-шадыман» деген Бердібек Соқпақбаев.
Әр адам өз отбасындағы береке-бірлікті басшылыққа алса, мемлекет те ризықты, табысты болады. Мемлекетіміздің мықшегедей мықты, кемірілмес күшті болуы – жастардың қолында. Қазақстан жастары «Ырыс алды – ынтымақ» сөзін әрдайым жадында жаттап, Мағжан артқан сенімді ақтайды!
2) Жомарт
3) жакын таныстары
4) торт себеб1 бар деп
5) иа
6) Екіншісі: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұным кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін. Үшіншісі: күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір-екі пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен. Төртіншісі: құдай-тағаламның берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын
7)Жок көбісі менменшіл дүниеқор адамдар
8) Жомарттық ол досынмен бірденені бөлісу, біреудің басына күн түскенде тастап кетпеу оның орнына көмектесу
9) Жомарт адам ақылды мейірімді менменшіл емес дуниеқор емес еңбекқор
10)Дүниеқор дүниенің құлы. Себебі сен қаншалықты бай болсан сенің ішкі дүниен сондай болмайды. Сен менменшіл жаман жалқау адам боласың.