Объяснение:
Эвфемизм (грек. eu – жақсы, phemі – айтамын) – мағынасы тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу. Эвфемизм қоғамдағы моральдық, этикалық норма негізінде қалыптасып, сыпайыгершілік пен әдептілікке байланысты туған. Мысалы, “өлді” деудің орнына қайтыс болды, дүние салды, жан тәсілім етті, т. б. сөз орамдары айтылады. Сондай-ақ адамның дене мүшесіндегі кем-кетікті (саңырау – құлағының мүкісі бар), ауруды (қылтамақ – жаман ауру) басқа сөздермен ауыстырып қолданады.
Дисфемизм (лат. dis, гр. dus - қарама-қарсылық не болымсыздық мағына тудыратын қосымша, гр. рһemi - айтамын), какофемизм — ауыс мағынаның бір түрі. Қалыпты қолданылатын зат, құбылыс атауларын неғұрлым дөрекі, тұрпайы сөздермен ауыстырып айту. Мысалы:боқ мұрын бала,боқтан өзгені сөз қылу,боғымен жасты баламен ойнады,боғын пышақтады,қолынан боқ келмейді,боққа татымайды,боғы ботқа,т.б.