М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
magomedalievaa4
magomedalievaa4
05.02.2022 18:38 •  Қазақ тiлi

1сказку на казахском языке с переводом​

👇
Ответ:
Katyha028272819
Katyha028272819
05.02.2022

https://images.app.goo.gl/qZg5XfYi7Jy2Zqz48

4,5(41 оценок)
Ответ:
lololokgjh
lololokgjh
05.02.2022
Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады: — Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды. Жанды-жансыздың барлығы жыланға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың деп шықпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды. Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады. Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын жер едім», – деп қиялдайды. Қан дәмін айыра алатындарды шақыртады. Қос қанатын делдитіп, аяқтарын шілтитіп, қуарып Шіркей, тұмсығын едірейтіп Маса, патшаның көңілін табам деушілердің бәрі келеді. Патша осылардың ішінен Шіркей мен Масаға: — Жер жүзін аралап, өсімдіктердің дәмін татып, жанды-жансыздың қанын сорып қайтыңдар, тек бұлар ғана емес, қаттыдан тастың, жұмсақтан топырақтың да дәмін алыңдар. Дүниедегі ең тәтті зат бұдан былай менің тамағым болатындай етіңдер, – деп, уақыт кесіп, бүкіл әлемді шарлатып жібереді. Күн артынан күн өтіп, патшаның кесіп берген мезгілі де жетеді. Шіркей әлсіздігінен жел болса, шөптің түбіне қашып тығылып, тымықта ыңылдап ән салғансып жүріп, кешігіп қалады. Ал Маса өсімдік пен жандылардың ең тәттісін біліп алып, патшасына қарай әуелей ұшып, әндетіп келе жатқанда, Қарлығаш кез болады. — Иә, Маса досым, патшамызға ең тәтті тамақ іздеп кетті деп естіп едік, таптың ба? Маса Қарлығашты менсінбей, сұрағына жауап қатпай, зулай жөнеледі. — Ә, ә, түсіндім, түсіндім! Жолың болып, іздегеніңді тапқан екенсің, достым... Азаматсың өзің! Сенің ептілігіңді, еш нәрседен тайынбайтын бір беттілігіңді білгемін. Осы қасиетіңді енді барлық қанаттыларға айта жүретін боламыз, – деп, Қарлығаш Масадан сыр тарта, мадақтай сөйлейді. Бұл мақтауға Масаның есі шыға мастанып: — Патшамыздың тамағына кімді тапқанымды білесің бе? — Е, Маса досым, мен не білуші едім? Сізден денемнің үлкендігі болмаса, ақылым аз емес пе?! Сіз патшаның ақылшысысыз. Кәне, төрем, айтыңызшы, ардақты патшамыздың тамағына кімді таптыңыз? Маса еліре түсіп: — Дүниеде патшамызға лайықты ең тәтті тамақ адам қаны екен. «Һм... Адам сияқты ақылды да айлалы жан домаланған сілімтік жарымжанға жем болып қала ма» деп, қарлығаш бір амал ойлайды. — Менің ақылымның қысқалығы осы емес пе, Маса төрем! Адамның қаны тәтті дегеніңізге сенер-сенбесімді білмей келем. «Дүниеде тәтті қанды тауып, дәмін татқанның тіліне алтын мөр түсіп қалады» деп, шешем көп айтушы еді. Кәне, тіліңізді шығарып, мөріңізді көрсетіңізші! Алтын мөрге көз салғанның өзі біз үшін үлкен бір медеу ғой. Бұл мақтауға елірген ессіз Маса: — Көрсең, көре ғой, байғұс! – деп, тілін ұсынады. Қарлығаш шап беріп, Масаның тілін жұлып алғанда, ол сөйлей алмай, ыз-ыз етіп, патшасы Жыланға қарай ұша жөнеледі. «Қош, тілің жұлынды. Аузыңа құм құйылды. Адамның қанының тәттілігін енді қалай түсіндірер екенсің?» деген оймен Қарлығаш артынан ұшады. Маса бірдемелерді айтқысы келіп, ыз-ыз етіп зар қағады. Бірақ еш нәрсені түсіндіре алмайды Жыланға. — Мұның тілі аузынан түсіп қалған ба, немесе жынданған ба? Мынаның не деп тұрғанын түсінгендерің бар ма? – деп, Жылан тұрғандарға қарайды. — Өте түсінікті, патшам! – дейді Қарлығаш сонда. — Түн көрмей кетейін, бірдеңе ұқсам, кәне, түсінсең айтшы, не деп тұр? — Ызыңдап ұшып жүріп, бүкіл әлемді араладым. Бірақ неше түрлі өсімдікті өзі өсіріп шығарған топырақтан басқа еш нәрсені таппадым, - дейді патшам! Тілі сөйлеуге жарамаса да құлағы сау Маса мұны естігенде, жаны шығып кете жаздайды. Ол ызыңдап кеп, Қарлығашқа екі-үш рет тиіседі де Жыланның алдына барып жылап жібереді. — Ә, ә, мұның тіліне бір пәле қылған сен екенсің ғой, – деп, Жылан Қарлығашқа атылып кеп кетеді. Қарлығаш ұша жөнеледі. Жылан ұша жөнелген Қарлығаштың құйрығын ғана тістеп қалады. Жылан содан былай топырақ жалап, ал Маса ызылдап қалады. Адам жыланды көрсе өлтіріп, басын езетін болады. Қарлығаш жыланнан қорқып, адамды дос тұтып, үйдің төбесіне ұя салады, бірақ оның құйрығы кем, екі айырық, болып қалады.
4,6(99 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
shurik23021983
shurik23021983
05.02.2022
Менин атым Мен Сымбат пен Кымбат ертегиисин жаксы коремин. Себеби бул ертегиде зулымдык ешкашан жаксы апармайтыны бейнеленген. Сымбат оте адеми,мейырымды,тарбиели кыз болып оседи. Ол уйынде бар шаруаны тындырады. Ал Кымбат оте кызганшак тал туске дейын уйктап еш пайдасы тимиди. Бир куни Сымбатты зулым огей анасы кудыкка тастап жибереди. Ол кудыкта бир кемпир омир сурипти. Ол Сымбатты уйне алып кетип тамак ишесинбе дпсе жок аш емеспин деп жауап бериди. Ол кунде ерте турып уй шаруашылыгына комектеседи. Сымбатка ажей мейрымдылыгы ушын бир сандык сый-сыйапат береди де уйне кайтарад. Ол уйне куана кайтады. Оны кызганган Кымбат анасына дереу мени кудыкка тастаныз дейди. Оны тастаган сон оган да кемпир келеди. Ол Кымбатты да уйне апарады Кымбат дастархан басына отырып алып тез тамак акел карным ашты дейди. Ол оз жалкаулыгын корсетеди. Оган да ажей бир калташа берип жибереди уйне. Уйне барып ашып караса калта тола балшык болады. Сондыктанда жалкау болмай енбеккор болыумыз керек. Ардайым енбеккор,мейырымды тартипти болсак биз коптеген максаттарымызга жетип каламыз.
4,5(38 оценок)
Ответ:
Ivan2367
Ivan2367
05.02.2022

Шығарма

Менің сүйікті ертегім.

Менің сүйікті ертегім – «Алиса ғажайыптар әлемінде». Бұл ертегі маған өте ұнайды.Осы ертегінің басты кейіпкері – Англияда тұратын Алиса есімді қыз.Бірінші беттерден бастап сиқырлық сізді баурап алады,сондықтан сіз басты рөлде өзіңізді сезіне бастайсыз.

   Сиқырлы әлемде Алисаны кеудешедегі ақ қоян алып жүреді, оның қалтасында тізбектегі сағаттар бар.Алиса басқа әлемге ену үшін алдымен сынақтан өтеді,басында қорқынышты,қызықты,содан кейін керемет және ұзақ.

  Бірден Алисада ғажайыптар пайда бола бастады:бірдеңе жеп, бірдеңе ішсе,ол үлкейеді немесе кішірейеді.Алиса жолда көптеген түрлі және таңғажайып кейіпкерлерді кездестірді.Менің сүйікті кейіпкерім - Чешир мысығы.Ол ақылды,дана, қорқынышты,күлкілі,әзіл-оспақты түсінеді және қалжыңдауды біледі.

Мен кейбір тарауларды қайта-қайта оқығым келді.Оқу барысында мен өзіме ұнаған дәйексөздерді жазып алдым,өз өмірімде қуана-қуана қолданудамын.

Перевод:

Сочинение

Моя любимая сказка.

Моя любимая сказка – "Алиса в стране чудес".Эта сказка мне очень понравилась.Главным героем этой сказки является девочка Алиса,живущая в Англии.С первых же страниц начинается волшебство, которое на столько увлекает тебя, что ты начинаешь чувствовать себя в роли главного героя.

В царство волшебства Алису увлекает белый кролик в жилетке, в кармане которой находятся часы на цепочке. Для того чтобы попасть в другой мир,мир фантастики и волшебства Алиса проходит через испытание,вначале страшное,увлекательное,потом чудесное и долгое падение.

С Алисой сразу начали происходить чудеса.Съев, или выпив что-нибудь,она то вырастала,то уменьшалась.На своем пути Алиса встречала много разных и удивительных героев.Мой любимый персонаж – Чеширский кот.Он был умный,мудрый,бесстрашный,веселый,понимающий юмор и сам умеющий шутить.

Мне хотелось вновь и вновь перечитывать некоторые главы. В процессе чтения я выписывал наиболее понравившиеся мне цитаты, которые я с радостью употребляю в жизни.

4,5(64 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ