Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері де ерекше. Бір дақылдарға жылу, екіншілеріне ылғал, үшіншілеріне жарық көбірек керек. Республиканың солтүстік және орталық аудандарындағы климат жағдайлары егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді, ал оңтүстік аудандарда суармалы егіншілік дамыған.
Бірақ климат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы емес. Қолайсыз, тіпті зиянды атмосфералық құбылыстарға қуаңшылық, аңызақ, үсік, көктайғақ, шаңды дауылдарды жатқызуға болады.
Қазақстанның климаты жалпы құрғақтығымен ерекше көзге түседі. Әсіресе оңтүстікте жаз өте ыстық болады. Құмның беті +60° +70°С - қа дейін қызады. Мұндай климат жағдайы солтүстік аудандарда да жиі болып тұрады. Құрғақ ауаның пайда болуы күшті қызған және тропиктік ауа массасының басым болған кезімен байланысты. Оған ылғалы аз, ыстық құрғақ жел – аңызақ тән. Аңызақ желді күндердің ұзақтығы табиғат зоналарында түрліше болады: дала зонасында жылына 5 – 10 күн, шөлейт зонасында – 40, Қызылқұмда – 100 күн. Қазақстан жерінде соңғы 20 жыл ішінде қуаңшылық 4 рет болды. Қуаңшылық пен аңызаққа қарсы күресу үшін қар тоқтату, орман алқаптарын отырғызу, жер суару және т. б. арнайы агротехника лық шаралар қолданылады.
Қазақстанда жылдың жылы мезгілінде байқалатын ерекше атмосфералық құбылыстың бірі – шаңды дауыл. Олар желдің жылдамдығына және топырақ жамылғысының сипатына тығыз байланысты. Шаңды дауыл ауа құрғақ кезде, борпылдақ топырақты алапта соғатын қатты жел. Олар топырақтың ұлпаларын ұшырып, өсімдік тамырларын ашып тастайды, ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді. Қазақстанның дала зонасында орташа есеппен жылына 20 – 38 күн шаңды дауыл болады. Республиканың оңтүстігінде құмды шөлдерде, Балқаш көлінің оңтүстігіндегі шаңды дауыл 55 – 60 күн болады. Қазақстанның оңтүстік - шығыс, шығыс тауларында шаңды дауыл негізінен байқалмайды, өйткені олар тастақты және сазды аудандар болып есептеледі.
Қауырт атмосфералық құбылысқа үсік те жатады. Үсік көктемнің аяқ кезінде, күздің басында, кейде теріскей жақта жазды күндері арктикалық ауа массасының енуіне байланысты болатын құбылыс. Ауаның температурасы қысқа мерзімде 0оС - тан төмендеп, топырақ беті тоңазып кетеді. Ол егінге, жеміс ағаштарына көп зиян келтіреді. Қайталап егін егуге, жеміс ағаштарын отырғызуға қосымша қаражат және еңбек жұмсалады. Үсіктің қауіпті аудандары көбінесе Қазақстанның солтүстік және орталық бөліктері. Мұнда көктемгі үсікке шалдығу ықтималдығы (қарақұмық, жүгері, бидай, қияр, алмұрт т. б. үшін) он жылдың ішінде 5 жыл, шөл зонасында (мақта, жүзім, гүлдер және басқа жеміс тұқымдары үшін) 10 жылда 4 жыл үсік қаупі бар.
Республиканың халық шаруашылығына қолайсыз атмосфералық құбылыстардың бірі – көктайғақ (көк мұз). Көбіне аязды ауа райынан кейін сіркіреме жауын жауғанда қалыптасады. Әдетте көктемде және күзде ауа райы салқындап, жер беті 0°С - қа дейін суынып, мөлдір және көгілдір жұп - жұқа (5 мм) мұзбен жабылады. Мұндай құбылыс мал шаруашылығына, а зияны үлкен, транспортта апаттар, байланыс және энергия желілерінде үзілістер туғызады. Көктайғақ республиканың оңтүстік және орталық аудандарында жиі байқалады. Солтүстік аудандарда көктайғақ сирек байқалатын құбылыс. Республиканың батыс жазықтарында, орталығында және оңтүстік - шығысында көктайғақтың қалыңдығы 15 мм - ге жетеді. Қаратау жотасы, Қырғыз, Іле Алатауларының жел жақ беткейлерінде оның қалыңдығы 22 мм - ге дейін барады
ответ:Әкесі әлемнің мұхиттары мен теңіздері, анасы көк аспандағы қара бұлт кішкентай Тамшы бүгін қатты қуанышты. Өйткені, ол алғаш рет жерге түспекші. Биіктен қарағанда жер өте әдемі екен. Жап-жасыл бір әлем. Әдемі қызғалдақтар мен сарғалдақтар, раушан гүлдер мен қоңыраугүлдер, жасыл тал-теректер мен жайқалған көк шалғын. Осының бәрі Тамшыға беймәлім бір әлемдей көрінді. Жерге түссе қуанышқа бөленетіндей.
Бірден сіркіреп, төпелеп тамшы балаларын төгіп жібермей Бұлт ана көк жүзін біраз шарлады. Жерге қараған Тамшы бір адамды көрді. Үстіне сулығын киіп, қолына қолшатырын ұстап алыпты. Өзі ашулы сияқты. «Қап, тағы да жаңбыр жауатын болды-ау. Жаңбырды жек көремін. Үсті-басымды малмандай су қылғаннан басқа пайдасы жоқ» деп күңкілдеп барады екен. Тамшы қатты өкпелеп қалды. Бұл жерге асығып тұрса, мұны да қаламайтын адамдар бар екен-ау. Тағы біраз анасының құшағында аспан көгінде жүрген Тамшы кенет үйінің шатырын жамап жатқан адамға кезікті. Ол да ренжулі сияқты.
Жаңбыр жауса, шатырдан аққан су үйімді алып кетеді деп ашуланып, аспанды бұлт торлаған сәтте шатырға шығып, жанталасып жатыр екен. Тамшы мұны көріп тіпті де жерге түскісі келмей қалды. Бұл тек жер бетіне нәр бергісі келеді ғой. Ал адамдар пейілдері бұзылып, мұны қаламайды. Соларға ерегіскенде бұл төпелеп, жер-аспанның астаң кестеңін шығарып үш-төрт күн бойы жауатын ақ жауынға айналғысы келді. Көңілі жабырқаған Тамшы кенет жерде отырған кішкентай қызды көрді. Өзі бірнәрсе істеп отырған сияқты. Анықтап қараған Тамшы қыздың кішкентай, нәзік қызғалдақтың жанынанда жылап отырғанын көрді.
Қызғалдақ нәзік күлтелерін көтере алмай басы салбырап кетіпті. Жапырақтары тіпті жерге жатып қалыпты. Біраз уақыттан бері су ішпей, шөлдеп тұрғаны анық. Ал бұл ауылда жаңбырдың жаумағанына біраз уақыт болған еді. Ыстық күн бәрінің апшысын қуырып барады. Жан-жануарлар да су іздеп, салқын мен сая іздеп сай-саланы шарлап кеткен. Шақырайған күн төбеде тұрып алып, бір жылжымай тұр-ау. Шіркін, жаңбыр болса! Тамшы қызға да, қызғалдаққа да жаны ашып кетті. Міне, оны жақсы көретін, оны қалайтын жандарды тапты-ау. Бұлт ана да ауылдың жағдайын көріп, жаны ашып кетті. Дереу ащы күннің көзін жауып, тамшы балаларын жерге төге бастады. Тамшы да қуанып кетті. Бауырларымен бірге Қызғалдаққа келіп төгілді де, оның бойына нәр болып құйылды. Кішкентай қыз да, ауыл халқы да қатты қуанды.
Бәрі жаңбырдың жауғанын мерекедей тойлап, балалар жалаңаяқ жүгіріп, асыр-салып бір жасап қалды. Кішкентай қыз бен Қызғалдақ та қатты қуанды. Гүлі басын көтеріп, қайтадан жайнағанын көрген қыз тұлымшағы желбіреп, алақанын шапалақтап «Жау, жау, жаңбыр, жауа берші!»деп әндетті. Тамшы да өзінің кішкентай қыз бен гүлге қуаныш сыйлай алғанына қатты шаттанды. Кейде адамға қуаныш сыйлау үшін бір Тамшының өзі жеткілікті болады екен-ау.
Объяснение: