География ғылымы және оның салалары
География - жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым.
География ертеден дамыған табиғатты зерттейтін жаралыстану ғылымдарының біріне жатады. Зерттеу нысанына, әдістері мен мақсаттарына қарай география ғылымы физикалық және әлеуметтік-экономикалық салаларға бөлінеді.
Физикалық география табиғат нысандар мен құбылыстарының Жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейді. Физикалық география жалпы және аймақтық географияға бөлінеді. Жалпы физикалық география жердің географиялық қабығының құрылысын, құрамын, дамуын, территориялық бөлшектенуі мен олардың сыртқы және ішкі байланыстарын зерттейді, ал аймақтық физикалық география табиғи бөлек территориядағы жоғарғы аталған заңдылықтардың жергілікті ерекшеліктерін зерттейді.
Физикалық география дамуына байланысты көптеген ғылымдар салаларына бөлінеді: геоморфология, климатология, океанология, гидрология, топырақ географиясы, геоботаника, зоогеография, гляциология, геокриология және палеогеография.
Әлеуметтік-экономикалық география өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы түрлерінің, көліктің, халықтардың орналасу заңдылықтарын зерттейді. Әлеуметтік-экономикалық география экономикалық география, әлеуметтік география, халық географиясы, демография ғылыми салаларына бөлінеді.
Анамыз бізді қалай аялап, бағып қақса, Жер ана да бізді солай бағып жатыр. Ата – бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен. Сондықтан да, біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау – бәріміздің міндетіміз. Адамзат Жер ананы өз қолынан жасады. Мысалы: ағаш отырғызып, гүлдер егіп, жалпы айтқанда өсімдіктер отырғызу арқылы, Жер ананың пайда болуына үлкен үлес қосты.