Менің сүйікті кейіпкерім.
Сірә,қазақ балалар фильмдерінің ішінде Бердібек Соқпақбаевтың сценариймен түсірілген “Менің атым – Қожа” фильмінің алар орны бөлек.Менің сүйікті кейіпкерім – Қожа.Ол – “Менің атым – Қожа” фильмінің басты кейіпкері.Жалпы алғанда,Қожа – ақылды,сонымен қатар өзінше бұзық,әкесіз өскен бала.Әлбетте,фильм барысында ол көп нәрсеге ұшырады.Ғашық та болады,төбелеседі де,бұзықтық та жасайды,тіпті мектептен қуылуға да шақ қалады.Меніңше,ол өз тәртіпсіздіктеріне кейде саналы түрде,кейде білместікпен барады. Қорыта келгенде,Қожа – осы күнге дейін менің ғана емес,жұртшылықтың да сүйікті кейіпкері саналады.
1)Қазақ халқында мал бағу, қолөнер секілді қызметтерді кімге үйреткен?
(жауабы:ұл балаға)
2)Жасы кіші адам үлкенге қалай амандасқан? Қоғамдық орында ше?
(жауабы:"Ассалаумағалайкум"деп , қоғамдық орында - Сәлеметсіз бе деп амандасқан )
3)Қазақ халқының қандай дәстүрлері бар?
(жауабы :үлкен адамға жол беру, қарсы сөйлемеу, қызды сыйлау)
4)Қазақ халқы адамдарды қалай таныстырған?
(жауабы :үлкенге кішіні, әйел адамға ер адамды бірінші таныстырған)
5)Қыз баланы қандай жұмыстарға үйреткен?
(жауабы :ас пісіруге, кесте тігуге,өрмек тоқуға үйреткен)