Қой, бұрыш, ара, қыс сөздері екі мағынада қолданылатындай етіп, сөйлемдер құрастыру.
Бүгін ауылдағы қойларды жайылымға шығаратын менің кезегім келді.
Шаш кептіргішті қолданып болғаннан кейін орнына жинап қой.
Салатқа қосатын ащы бұрыш таусылып қалып, дүкенге баруға тура келді.
Кішкене қарындасыңды байқап отыр, үстелдің бұрышына басын ұрып алмасын.
Аралар гүлден гүлге қонып, тынымсыз бал жинайды.
Демалыс күні әкем екеуміз есік алдындағы қисайған ескі ағашты аралап, кесіп тастадық.
Қыс – менің ең сүйікті жыл мезгілім.
Етігім аяғымды қысып, үйге әрең жеттім.
Қаламыздағы этнографиялық мұражай қоры жақында жаңа жәдігерлермен толықтырылды.
Ұлттық мұражайда еліміздің қылқалам шеберлерінің туындылары көрсетілген.
Археологиялық галерея күрделі жөндеуден өткізілді .
Қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік шеруге қатысты.
Биылғы жылы атам мен әжем жаңа жайлауға көшті.
Мен бүгін таңертең сабаққа кешігіп келдім.
Сен кітапханаға жиі барасың ба?
Қаламыздың көшелері мен жаяу жүргіншілер жолы қардан тазартылды.
Келесі аптада өткізілетін тіл апталығына қатысасың ба?
Екі күннен кейін ағам іскерден оралады.
Етістіктер қою әріппен жазылған.