Зерттеушілердің бір тобы шаянтәрізділер трилобиттерден, екіншілері буылтық құрттардан шыққан деген болжам жасайды. Бұлардың қазба қалдықтары кембрийден белгілі. Жер шарында кең тараған, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кездеседі. 6 класс тармағы (желбезекаяқтылар, цефалокаридалар,бақалшақты шаянтәрізділер, жоғары сатыдағы шаянтәрізділер,максиллоподалар және ремпедиялар), 30 мыңнан астам түрі белгілі. Олардың арасында бентосты, планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері олардың суда тіршілік ететін түрлерден шыққанын дәлелдейді. Шаянтәрізділер Жер шарында кең тараған Тұщы су қоймаларында, теңіздерде, барлық мұхиттарда кездеседі. 30 мыңнан астам түрі бар. Құрлықта тіршілік ететін шаяндар ""құршаян"" деп аталады . Олар ылғалды, дымқыл жерде мекен етеді. Бұршақ таңқышаян - таңқышаяндардың ең майдасы. Ең ірісі - жапон таңқышаяны. Оның аяқтарымен қосқанда көлемі екі метрге жетеді.
Дәрігер-қай-қайсымызды болсын қорғайтын Алладан келген жауынгер, оққағар қалқанымы. Нағыз дәрігер қаншама адамның көңіліне шарапат сеуіп, өміріне шипанұр сыйлайды. Адам болып дүниеге келген сәттен бастап оның ең бірінші құқығы-өмір сүру. Құқық деген әрбір сала бойынша заң жүзінде бекітілген. Дәрігердің атап айтатын құқықтарын білгені медицина саласына көптеген жеңілдік береді. Осы құқықтарға сай істелген жұмыста еш уақытта шалалық болмауы тиіс. Қазіргі заман талабына сай дәрігердің барлығы да өзінің құқығы жайлы мәліметті біле жүргені артық болмас еді.
Ғабит Мүсірепов 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасыда дүниеге келген. 1923-1926 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне оқуға түседі, оны бітірісімен Омбыдағы ауылшаруашылық институтында бір жыл оқыды. Жазушының әдеби-шығармашылық еңбегі 20-жылдардың аяқ шенінен басталады. Оның жазушы болып қалыптасуына Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Чехов, Толстой, Салтыков-Щедрин сияқты орыс классиктерінің шығармалары ықпал етті. Жазушы жиырмадан астам әңгіме, хикаяттар-"Қос шалқар","Талпақ танау","Ана туралы новеллалар" т.б., ондаған пьесалар-"Қыз Жібек","Қозы Көрпеш-Баян сұлу","Амангелді" т.б., қара сөзбен жазылған"Кездеспей кеткен бір бейне" поэмасын жазды.