Қазақ халқында салт жоралар көп. Бала дүниеге келгенде шілдехана жасалады. Онан соң бесікке салар. Бала енді жүре бастағанда тұсау кеседі. Бұның бәрі дәстүр. Қазақ салтында қызға қырық үйден тыю,- дейді, яғни қыздар кешке қыдырмайды. Ата-ана рұқсатынсыз ешқайда шықпайды. Үлкенге қарсы кіші адам сөйлемейді. Үлкенді сыйлайды.
Көкшетау– Ақмола облысының әкімшілік орталығы. Көкшетау Қопа көлінің жағасында орналасқан, Көкшетау үстіртін алып жатыр, оны геологтар Көкшетау үйіндісі деп атайды және оның «Қазақ Швейцариясы» деген ақындық аты бар.Көкшетау– таза, әдемі қала. Егер қаланың оңтүстік батыс жағында орналасқан төбеге шықсақ, көз алдымызға керемет бейне көрінеді: батыста көлдің су айдыны мен жағажай алқабы, солтүстік шығыста жазықтық, ал оңтүстікте төбелер бар.Демалыс пен туризмҚаланың оңтүстік шығыс жағында Бурабай көлі бар, оның жағасында келушілерге ыңғайлы көптеген сауықтыру және туристік объектілер бар. Бұл жерде сізге ұлттық тағамның түр түрін және атпен серуендеуді ұсынады. Таудың енсіз жолдарымен Бурабай көлінен Шабақты көліне түсуге болады, бұл жерде турист жабайы табиғат жағдайында ұмытылмас демалыс жасауына болады: шатырда ұйықтау, тау бұлағына жуыну, отта өзіне тамақ әзірлеу.Бүгінгі қалаҚазір қалада 2 мыңнан астам түрлі меншіктегі әртүрлі өнеркәсіп жұмыс жасайды. Олардың кейбіреулері белсенді қызмет атқарады және қала ішінде, сонымен қатар Қазақстанның сыртында үлкен беделге ие. Қалада жекеменшік кафе, дүкен, шаштараз, бөлімшелер жұмыс жасайды. Қазақстанның ірі банкілерінің филиалдары қызмет атқарады.1996 жылдың маусымында үш ЖОО негізінде – педагогикалық, ауыл шаруашылық және политехникалық – ғалым-энциклопедист Ш.Уәлиханов атындағы университет ашылды.Қаланы көгалдандыру қала тұрғындарының қамқорлығында. Келешекте жалпы қолданыстағы жасыл көшеттердің ауданы бір тұрғынға шаққанда 21 шаршы метрге дейін жеткізу жоспарланған (қазіргісі 7,7 шаршы метр). Мамандар жасанды тәлімбақты құру мәселесін қарастыруда.Пайдалы сілтемелер (дерекнама)
Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек буындеп аталады.Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады.Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, соншабуын болады. Мысалы, қарлығаштардың деген сөзде бес дауысты дыбыс бар, яғни сөз бес буыннан құралған.Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.Бір дауысты дыбыстан құралған және дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталған буын ашық буын деп аталады. Мысалы, а-на, ба-ла, да-ла, бе-ре-ке, ә-ке, ша-ға-ла, же-ті, та-ға, т.б.Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буын жалаң ашық буын деп аталады. Мысалы, ә-же, ұ-лы, ү-кі, а-та, т.б.Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, өр, ант, ән, ұлт, аң, ұрт, үй, арс, ел, өрт, т.б.Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған, яғни ортасы дауысты дыбысекі шеті дауыссыз дыбыс болып келген буынбітеу буын деп аталады. Мысалы, Бұлт, жер, қант, той, құрт, тау, жұрт, жез, төрт, дос, серт, гүл, мұрт, қол, бырт-бырт, сарт-сұрт, жарқ-жұрқ, сөз, көз, май, дөң, дүлдүл, мазмұн, жолдастық, т.б.