Жайлау – жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. Қазақ елінің дәстүрлі жайлауы Сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде, Қазақстанның солтүстік-батысында (Мұғалжарда), солтүстік-шығысында (Алтай, Сауыр және Тарбағатай өңірінде), оңтүстік-шығысында (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы және Тянь-Шань тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (Қаратау өңірінде) болды. Қазақстанның әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. Халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. Жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. Мысалы, Жетісу өлкесінде қыстау Балқаш көлінің оңтүстігіндегі құмды, қамысты аймақта орналасса, жайлаулардың көбі оның солтүстігіндегі таулы атырабында жатты. Қазақстан жеріндегі жайлау мен қыстау арасының қашықтығы да әр түрлі болды. Мысалы, көшпелі өмір сүрген адай – табын, шөмекей – шекті, бағаналы – балталы руларының Маңғыстау түбегінен Мұғалжар тауларына, Қызылқұмнан Торғай даласына, Шу өзенінің төмен алабынан Ұлытау төңірегіне дейінгі көш жолдарының арақашықтығы 1000 км-ге дейін жететін. Ал Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі жартылай көшпелі қауымның көш жолдары 10 – 20 км-ден 40 – 80 км-ге дейін болды. Бұл төңіректегі жайлаулар құдықтар мен көлдердің айналасына орналасты. Жетісудағы жайлаулар мен қыстаулардың арасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 – 200 км-ге жететін. Қазақстан жеріндегі жайлаулардың адамға да, малға да ең қолайлысы – тау алаптары. Солтүстіктегі жазық даладағы жайлауларда мал, негізінен, құдық суынан суарылатындықтан қол еңбегін көп қажет етеді. Қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. Қой, түйе, сиыр жайлауға шығарылады.
Ингредиенттер Ұн - 700 гр. Құрғақ ашытқы - 10 гр. Сүт - 1 стақан Су - 1 стақан. Өсімдік майы - 50 гр. Тұз - 1,5 шай қасық. Қант - 1 шай қасық. Қуыру үшін өсімдік майы
1-ҚАДАМ Қамыр үшін: Сүт және су жылы күйге сәл қызады. Ашытқыны, ыдысқа қант салыңыз, сүт пен су құйыңыз, араластырыңыз және 15 минутқа қалдырыңыз. 2-ҚАДАМ Жұмыс бетінде ұн мен тұзды араластырыңыз, құмыраны, өсімдік майын қосып, қамырды илеңіз. 3-ҚАДАМ Қамырды үлкен ыдысқа салып, құрғақ сүлгімен жабыңыз және 1,5 сағат бойы жылы жерге қойыңыз. ПЕРЕВОД НА РУССКИЙ ЯЗЫК Ингредиенты Мука – 700 гр. Дрожжи сухие – 10 гр. Молоко – 1 стакан Вода – 1 стакан. Растительное масло – 50 гр. Соль – 1,5 ч.л. Сахар – 1 ч.л. Растительное масло для жарки ШАГ 1 Для опары: Молоко и воду немного подогреваем, до теплого состояния. В чашу положить дрожжи, сахар, налить молоко и воду, перемешать и оставить минут на 15. ШАГ 2 На рабочей поверхности смешать смешать муку с солью, добавить опару, растительное масло и замесить тесто. ШАГ 3 Тесто положить в большую чашку, накрыть сухим полотенцем и поставить в теплое место на 1,5 часа. Тесто положить в большую чашку, накрыть сухим полотенцем и поставить в теплое место на 1,5 часа. Надеюсь все правильно!
Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген тоқсан жеті метрлік сәулет өнерінің бірегей туындысы - Бәйтерек. Бәйтерек монументі - Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.Аңыз бойынша, киелі құс Самұрық өмір ағашына ұмтылады, өмір ағашы - Бәйтерек. Самұрық ағаштың алтын ұшар басында алтын жұмыртқаны тастау үшін қорғанады. Алтын ұрық - ол өмір және үміт беретін Күн. Сол күнді аш Айдаһар түбінде аңдып отырады.Бұл - жақсылық пен жамандықтың мәңгілік күресінің бейнесі. Ағып жатқан Бейбітшілік өзенінің бойында тұрған Бәйтерек аспанды тіреп тұрғандай көрінеді.Бүгінгі таңда «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі.