Дәйек сөз, цитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.[1]
Дәйек сөз, негізінен, ба з материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді.
Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады
Бір тышқан тамақ аулап,ініне қайтып келсе,онда бір жылан жатыр екен.Тышқан мұнан жаман қорқып,қуып шығаруға батпай,ақыл сұрай,өзінің қайғысын айтқалы көршілеріне барады.Ақылды тышқандар жиылысып отырып,кеңесін айтыпты;
-Сен ол інді тастап,өзге ін қазып ал.Жылан сенің ініңді тартып алғаны әділдік емес,бірақ оған қылар еш айла жоқ.Оған тиіп не қыласың?Мазасын ала берсең,өзіңді жеп қояды,оған ештеңе қыла алмайсың.
Тышқан бишара қайғырса да үндемей қойыпты.Бірақ қалай кегін алуды ойлайды.
Бір күні сейілдеп келе жатса,інінің аузында жыланның күн шуақта жылынып жатқанын көріпті. Жанында бір кісі ұйықтап жатыр екен.Тышқан барып оның мұрнын тістеп алып,жыланға қарай тұра қашыпты.Кісі оянып,тұра қуады.Қараса,алдында жатқан жыланды көреді.Тышқаннан мұның зияны көбірек болған соң,кісі жыланды өлтіруге алданып қалыпты да тышқанды қоя беріпті.
Сөйтіп,кегі қайтқан тышқан өз ініне қайта келіп тұрыпты.