Қазақстанның табиғаты Қазақстанның табиғаты тамаша. Қазақстан жерінің өте үлкендігінен әр аймағының табиғаты бір-біріне ұқсамайды, біркелкі емес. Оңтүстігінде ағаштар гүлдеп, жер көгергенде, солтүстігінде әлі қар жатады. Қазақстанның табиғаты алуан түрлі. Солтүстігінің табиғаты Орталық Ресейге және оңтүстік Ұлыбританияға, оңтүстігі – Жерорта теңізі елдеріне, Кавказ маңайына сәйкес. Мұнда ойпаттар мен төбесін мәңгі қар мен мұз басқан биік таулар бар. Аумағының ширек бөлігін шөл мен шөлейт дала, қалған бөліктерін таулар, теніздер мен көлдер алып жатыр.
Дәрігер-қай-қайсымызды болсын қорғайтын Алладан келген жауынгер, оққағар қалқанымы. Нағыз дәрігер қаншама адамның көңіліне шарапат сеуіп, өміріне шипанұр сыйлайды. Адам болып дүниеге келген сәттен бастап оның ең бірінші құқығы-өмір сүру. Құқық деген әрбір сала бойынша заң жүзінде бекітілген. Дәрігердің атап айтатын құқықтарын білгені медицина саласына көптеген жеңілдік береді. Осы құқықтарға сай істелген жұмыста еш уақытта шалалық болмауы тиіс. Қазіргі заман талабына сай дәрігердің барлығы да өзінің құқығы жайлы мәліметті біле жүргені артық болмас еді.