Әбілхан Қастеев-қазақтан шыққан алғашқы суретші,кескіндемеші.Әбілхан аға қолөнерге,суретке жас кезінен бейім болған.Суретші өте қарарайым,қағылез жан болған.Суреттен қолы босай қалса,үйдегі ұсақ-түйек шаруаны,бақшада жер аудару болсын істеп тастайтын көрінеді.Көшеге шықса бәрі танып,сәлемдесіп жүреді екен.Әбілхан аға құстар,жануарларды жақсы көрген.Оның кептерлері және Жолбарыс атты иті болған.Итін ерекше жақсы көрген.Жүрегі нәзік,таза жан болған,көшеге шыққанда әр көрініске таңырқай қарап жүрген.Кейін ол нәрсе ғажап сурет болып салынады екен.Бір картинасын бастаса,аяқтамай орнынан тұрмайтын төзімді жан болған.Сурет тілі-үнсіз тіл.Сол тілді бізге үйретіп кеткен Әбілхан ағаға ризамыз.
Жауапкершілік— адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі. Өсіп келе жатқан адамда жауапкершілікті тәрбиелеу - қазіргі заман өзекті мақсаты. Мұғалімнің өзінде де жауапкершілік болғаны жөн. Жауапсыз мұғалім - білім саласындағы енбейтін кұбылыс; ата-аналардың өз балалары тәрбиесі үшін жауапкершілігін белгілейтін заңды және өнегелі нормалар.
Болашақтағы мектебіңнің қандай болатындығын армандаған қандай қызық. Мен өзімнің қазіргі мектебімді ұнамайды деп те айта алмаймын. Менің ойымша, он жыл өткеннен кейін тіпті жүз жылдан кейін мектептегі білім беру түбегейлі өзгеретіндігі сөзсіз. Болашағымыз қандай болатындығын армандау да қиын. Алайда, мен өзімнің болашақтағы мектебімнің қандай болатындығын сәл ғана армандағым келеді.
Келешектегі мектепте оқушылар сынып бөлмелерінде кітаптағы дайын мәліметтерді қарап көп отырмайды. Мысалы, биология пәнін даладағы әсем табиғат аясында оқитын болады. Әрбір өсімдіктердің немесе жануарлардың түрлерін тек тірі күйінде көре алады. Шетел тілдері пәндерін әрбір елдерге барып оқиды. Оқушылар ағылшын тілі мұғалімімен бірге жарты жылға Англияға барып, сол жердегі жергілікті тұрғындармен әңгімелесе жүріп тілді жылдам үйренетін болады. География пәнін де осылай оқыса керемет болар еді! Астрономия пәнінде арнайы салынған ғарыш кемелерінде жүріп, жұлдыздар әлеміне саяхатқа барса, шіркін!
Менің арманымдағы болашақтағы мектепте оқушыларға бесінші сыныптан бастап тереңдетілген бағыттар бойынша білім берілетін болады. Егер сен тіл, әдебиет пәніне жақын болсаң, гуманитарлық бағытта, математика мен физиканы жақсы көретін болсаң, математикалық бағытта оқисың. Бұл оқушылардың болашақта мамандықтарын дұрыс таңдауларына көп септігін тигізеді.
Болашақтағы мектепте бағалау мүлдем болмайды. Өйткені мектеп оқушылары тек қана материалдарды меңгеріп қана қоймай, ғылыми және шығармашылық жұмыстарды қоса орындайтын болады. Содан кейін арнайы конференцияларда жобаларын қорғап, нәтижеге қол жеткізіп отырады.
Менің арманымдағы мектеп барлық оқушыларға ұнайды. Мұндай мектепте оқу өте қызық. Ешкімді мектепте оқуға тиістісің деп қинамайды. Ешқандай оқушы сабақты босатқысы келмейді. Мен арманымдағы болашақ мектептің шынында да керемет болатынына сенімдімін.