М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Svet1k03
Svet1k03
10.10.2022 22:08 •  Қазақ тiлi

С.торайғыров шығармаларының басты тақырыбы: а)табиғатты қорғау в)махаббаты дәріптеу с)білімді болуға шақыру д)отанды қорғау е)ілік мәселесі

👇
Ответ:
pvpgaydukoxzb3r
pvpgaydukoxzb3r
10.10.2022
А) табиғатты коргау болады деп ойлаймын
4,6(39 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
masasedal
masasedal
10.10.2022

1-билет

Дауыссыздар 3 ке жіктеледі:қатаң, ұяң, үнді

Дауыстылар тілдің қатысына қарай:жуан, жіңішке.

Жақтың қатысына қарай:ашық, қысаң.

Ерін мен езудің қатысына қарай:еріндік, езулік.

Фонетикалық талдау:

Хабар- 5 әріп, 5 дыбыс, 3 дауыссыз, 2 дауысты

Х-д-сыз, қатаң

А-Д-ты, жуан, ашық, езулік

Б-д-сыз, ұяң

А-Д-ты, жуан, ашық, езулік

Р-д-сыз, үнді

Жаңалық- 7 әріп, 7 дыбыс, 4 дауыссыз, 3 дауысты

Ж-д-сыз, ұяң

А-Д-ты, жуан, ашық, езулік

Ң-д-сыз, үнді

А-Д-ты, жуан, ашық, езулік

Л-д-сыз, үнді

Ы-д-ты, жуан, қысаң, езулік

Қ-д-сыз, қатаң

2-билет

Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт.

Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.

Берілген сөздерге жалғау жаса:суретші-ні, көрме-ні, өнертанушы-ны, көрермен-ді, шығарма-ны.

3-билет

Түбір – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі.

Қосымша – түбірге жалғанып, оның лексикалық немесе грамматикалық мағынасын өзгертетін, сөздерді өзара байланысқа түсіретін морфема.

Сөз құрамына талда: мұражайлардан- мұражай-түбір, лар, дан-жалғау, суретшілердің- сурет-түбір, ші-жұрнақ, лер, дің-жалғау, құндылықтарын--құнды-түбір, лық, тар, ын-жалғау.

4,6(8 оценок)
Ответ:
kirill51hramov
kirill51hramov
10.10.2022

Сауран қалашығы  Түркістан қаласының солтүстік батысынан 40км қашықтық пен Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысының қиылысынан 35 км қашықтықта орналасқан.

Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Түркістанның солтүстік-батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағы қалалардың бірі. Биіктігі 6 м қабырғамен қоршалған қалашықтың өлшемі солт-шығыстан оңт-батысқа қарай 800 м. солт.-батыстын оңт-шығысқа қарай 500 м мәдени қабатының биіктігі 2 м. Сауран туралы алғашқы деректер 10-ғасырдағы еңбектерде кездеседі. Ол кезде Сауран Сырдария алабындағы маңызды стратегиялық және сауда орталығы ретінде белгілі болған. Араб тарихшысы Мақдисидің шығармасында «Сауран жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар» деп жазған. Шыңғыс хан шапқыншылығына байланысты оқиғаларда Сауран туралы деректер кездеспейді. 13-ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. 14-ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен. 16-ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Оның ірі-ірі құрылыстарының ішінен замандастары «шайқалмалы минаретті» және қала мен оның айналасын сумен қамтамасыз еткен кәріздерді – жердің астынан салынған каналды ерекше атаған. Сауран 17-ғасырдың аяғы мен 18-ғасырдың басында әлсіреп, 19-ғасырдың басында біржолата күйреген. Қазіргі кезде Сауран қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550 – 800 м дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың 7 – 18 ғасырларға жататынын дәлелдейді. Ортағасырлар кезінде Сырдария өзенінің ортаңғы ағысындағы аймақты Түркістан өлкесі деп атаған. Сол өлкенің аса гүлденген қалаларының бірі Сауран еді. Ертеректегі деректерде Сауранның жеті қатар қорғаныс қабырғасы бар деп айтады. Дешті-Қыпшақ даласы мен егіншілікпен айналысқан өлкенің қақ ортасында орналасқан шаһар дала халқы мен қала тұрғындарын байланыстырған, сауда-саттық орталығы болған. Арабтың географы әл-Магдиси: «Сауран (Савран) – үлкен шаһар, ол бірінен соң бірі салынған жеті қабырғамен қоршалған. Рабаты бар, мешіті ішкі шаһарда орналасқан. Ол оғыздар мен қыпшақтардан қорғауға арналған шекаралық шаһар» деп жазған. Ұзақ уақыт аралығында шаһар Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда мен қолөнерінің ірі орталығы болып, мәдени дамудың бесігіне айналды.

Шыңғысханның шапқыншылығы жайлы жазылған деректерде Сауранның аты аталмайды. Бірақ ХІІІ ғасырда Сырдария арқылы өткен армян патшасы Гетум қаланы Савран деп, Сығанақ (Сгнах), Қарашық (Харачук), Иасы (Асон) қалаларымен бірге атап жазған. Ғалымдардың пайымдауынша, моңғол шапқыншылығынан кейін қала орнын ауыстырып, басқа жерден салынған. ХІІІ ғасырға дейінгі Сауранның орны қазіргі Қаратөбе қала жұрты. Онда жүргізілген зерттеу жұмыстары қалашық бірнеше қорғаныс қабырғасымен қоршалғанын анықтаған. Қазба материалдары қаланың тіршілігі моңғол шапқыншылығынан кейін тоқтағанын көрсетеді. Оның есесіне жаңа қаланың орны Қаратөбеден солтүстікке қарай үш шақырым жердегі кең жазықтан бой көтерген. Сауран қаласы ХІV ғасырда Ақ Орданың құрамына кіріп, бір кездері оның астанасы да болған. 1320 жылы қайтыс болған Ақ Орданың билеушісі Сасы Бұқа осы қалада жерленді.

4,8(40 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ