Өткен жазғы демалысымда Астана қаласына саяхат жасадым. Саяхат өте қызық болды және жаңа достар таптым. Астана – менің елімнің астанасы. 1997 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталады. Бүгін Астана әлемдегі ең әдемі, тартымды сәулеттерімен таңқалдыратын қалалардың бірі. Кең даланың ортасында Астана гүл секілді өсіп тұр. Бүгін Астана әлемдегі ең жас астана болып саналады. Қаламыз– даму жолында тұрған мемлекетіміздің мақтанышы. Жас қалада тамаша тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар мен сәулет ескерткіштері бар. Сондықтан да бас қаламыз өзгеше бір көркем көрініске ие. Мен саяхат кезінде Астананың тірегі– Бәйтерекке бардым. Ол жерден қаланың барлығы айдан-анық көрініп тұрды. Сосын Думан ойын-сауық кешеніне жол тарттым. Мұнда көптеген балықтардың және тағы басқа су жануарларының түрлерімен таныстым. Маған қала өте ұнады. Мен есейгенде Астанаға келіп, қаланың көркеюіне өз үлесімді қосқым келеді.
-- Тараз , Отырар, Түркістан деген көне қалаларды білемін.
--Тараз бұрын қалай аталды. ?
--Тараз бұрын Әулие -ата, Жамбыл деп аталған.
--Таразда қандай ескерткіштер бар ?
--Таразда Қарахан мазары, Айша бибі күмбезі ,монша бар.
--Отырарда қандай ғимараттар бар ?
--Отырарда Арыстанбаб ғимараты бар.
--Түркістанның көне аттары қандай ?
--Түркістанның көне аттары, Шабғар, Иасы.
--