Қыстың желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды. Сабаққа мезгілімен жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес.
Қазақтың ұлттық тағамдары Асылған ет (бешбармақ) қазақ халқының басты тағамы. қой немесе сиыр, жылқы еті болсын су құйылған қазанға салынып пісіріледі. Піскен еттің майлы сорпасына, алдын ала жұқа жайылып қойылған қамыр салынады. Дайын болған қамыр табаққа түсіріліп, кесектеп туралған ет салынып, үстіне тұздық құйылады. Малдың басы, жамбасы сыйлы қонақтарға, ортан жілік жасы үлкен кісіге, құдаға, асық жілік құдағиға, төс күйеуге, келінге, бүйрек, құлақ балаларға тартылады.қазы қазы майының қалыңдығына байланысты кере қазы, дөңбек қазы, шынтақ қазы, бұлт қазы деп бөлінеді. Ішекке сыймағанын телшік деп атайды. қазыны көбіне қысқа сақтайды. қазы сүрленген сайын демді болады.Ірімшік Сүтті ұйытып, суалғанша қайнатады. қайнауы жеткен ірімшік қызыл сары түске айналады. Содан кейін оны сүзіп, дорбаға салып, желге, күнге қойып кептіреді. Жент қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте демді тағам. Негізі сөктен жасалады. Сөк жармаланғаннан кейін сары май, қант, ірімшік ұнтағы, мейіз салынып араластырылады. Содан кейін ыдысқа салынып, беті тегістеліп, салқын жерге шығарылып қойылады. Шай дастарханының сені.қымыз Бие сүтінен ашытып дайындайтын ең қадірлі сусынның бірі. қымыздың емдік, шипалық қасиеті өте жоғары. есіресе туберкулез ауруына шипалы. Бауырсақ Ашыған қамырдан оқтаумен 1-1,5 см. қалыңдықта жайылып, көлемі бірдей етіп кесіледі де қыздырылған майға қуырылып дайындалады. Құрт Сабада жиналып пісілген іркітті, майы алынғаннан кейін, үлкен қазанға құйып қайната береді. Ебден қоюланған құртты қапқа құйып суынан тағы құрғатады. Бұдан кейін қолмен, белгілі бір қалыпқа келтіріп, қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. құрт жақсы ас, оны әр түрлі тамаққа қосады.