Ыбырай Алтынсарин
Злиха мен Батима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты. Злиха аһлап-уһлеп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтады:
- Сен неге мәз болып, қуанып келесің? Төбеңдегі жәшіктің ауырлығы менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің.
- Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, - дейді Бәтима.
- Ай, ондай болса, сол шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін, - деді Злиха.
- Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын. Оның аты – «сабыр», - деп, айтқан екен .
ответ:-Сіз Абай Құнанбаев кім екенін білесіз бе?
- Жоқ, бірақ мен білгім келеді.
- Бұл қазақ халқының ұлы ақыны, философ және композитор.
- Ол біздің замандасымыз ба?
- Жоқ, ол 19 ғасырда дүниеге келген. Дәлірек айтқанда, 1845 жылы 10 тамызда.
- Ол қай жерде дүниеге келген?
- Ол Семей облысында Шыңғыстау тауының баурайында дүниеге келген.
- Бұл Абай есімі нені білдіреді?
«Бұл сақ, ақылды, сүйкімді дегенді білдіреді. Бұл оның сүйікті немересі, әжесі Зеренің аты еді. Бірақ бұл адамның шын есімі - Ибраһим.
- Сізге қандай шығармалар таныс?
- Бұл оның «Жаз-шуақты уақыт» шедеврлерінің бірі
- Абай Құнанбаев шығармашылығының қазақ халқы үшін маңызы қандай?
- Олар жас ұрпақты өз халқына қызмет етуге шабыттандырады
Объяснение: писала долго, надеюсь
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы.
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..
Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.
Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.