Олар ерте кезден ауа райын алдын ала бақылап, мал-жанның түрлі апаттардан аман сақтау үшін ерте қамданып отырған. Ауа райын болжаушылар табиғат құбылыстарын бақылап, күн есептеудің дәстүрлі әдістерін құпия ұстаған. Оны атадан балаға мұра етіп қалдырып отырған. Сонымен де олар аспан денелері мен табиғат құбылыстарын бақылап, естелікке алып отыруымен бірге, өз кезегінде мал-жанға қолайлы жаңа өріс, ел-жұртқа жайлы құтты қоныс таңдауда да шешуші рөл атқарып келген.Олар әртүрлі болжамдар жасаған.Мысалы:
Құр мен шіл қар астын қорғаласа, кешікпей-ақ боран болады. Бозторғай ұясын ойпаңға салса, жаз қуаң болады. Бозторғай ұясын қыраңға салса, жаз жауынды болады. Дуадақ қыстап қалса, қыс жайлы болады. Қамыс торғайы ұясын биікке салса, жаз жаңбырлы болып, су көтеріледі. Қызыл қаз саздан соғатын ұясының іргесін биік етсе, жаз жаңбырлы болып, су көтеріледі. Жыл құстары топтасып ұшса, жылымық күз созыла түседі. Жыл құстары қайтқанда төмен ұшса, қыс қатты болады. Жарқабақтағы ұя биікке салынса, су тасқыны болады. Саңырау құр бұтаққа қонақтаса, тұман түседі. Қарға топтасып қарқылдаса, ауа райы бұзылады. Шіл үйірін молайтса, қыс суық болады. Көк жасыл шегіртке молайса, жаз қуаң болады.т.б.
Менің жазғы демалысым.
Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол – барша әлемді шарлау. Әзірге осы арманыма ата - анамның арқасында бір адым жақындадым десем де болады, себебі біз биыл отбасымызбен жазғы демалысқа Түркия еліне аттандық. Бұл менің алғашқы шетелге саяхатым болды. Бауырлас Түркия елі бәрімізге ұмытылмас әсер қалдырды. Біз Стамбул қаласына дейін ұшақпен жетіп, әрі қарай арнайы автобуспен қонақ үй орналасқан Анталия қаласына келдік. Айта кететін бір жайт, Түркияның жолдары тегіс, әрі автобустың өзінде ұшақтағыдай арнайы адамдар жұмыс істеп, тіске басар мен түрлі сусындар тарататыны ерекше әсер қалдырды. Сонымен біз Жерорта теңізінің жағасында орналасқан бес жұлдызды қонақ үйімізге де келіп жеттік. Бөлмеміз кең әрі жарық, ішінде керекті заттардың барлығы табуға болады. Ішетін тамағымыз тегін болды. Балаларға арналған арнайы бассейн мен алаңдарда армансыз ойнап, теңіз суына түсіп, күнге де біраз күйдік. Демалыс уақыты әп – сәтте өте шыққандай болды. Отбасы мүшелерінің барлығы демалыстан оң әсер алды.
Бұл шетелге шығудың бастамасы ғана деп білемін. Алда әлі сапарларымыз көп болғай!