Мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз. /Составьте два
вопроса к тексту
Берілген тақырыптардың біреуін таңдаңыз .Тақырыпқа қатысты 60-70 сөзден тұратын эссе
жазыңыз. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-
келіспеу себептерін айқын көрсетіп, көмекші есімдерді орынды қолданыңыз./
Выберите одну из заданных тем. Напишите эссе из 60-70 слов по теме. Сохраняйте
структуру написания эссе, четко указывайте причины согласия или несогласия по
поднятому вопросу и используйте служебные имена [10]
Эссе тақырыптары.
1. Спорт – денсаулық кепілі. (Спорт – залог здоровья)
2. Ұлы Жібек жолы (Великий Шелковый путь)
3. Сән әлемі (Мир моды)
Сам текст
Спорт - денсаулық кепілі
Спорт – денсаулық кепілі. Әрбір адам спортпен айналысу керек. Спортпен
айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды және көңіл күйі көтеріңкі болады.
Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей,
шаңғы тебу, суда жүзу. Спорт адам денсаулығына өте пайдалы. Спорт адам өмірін
ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын
ояту үшін мектеп бағдарламасына дене шынықтыру пәні енгізілген.
Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды
қалайды. Мен күнде таңертең ерте тұрып, «Балапан» телеарнасымен бірге түрлі
жаттығулар жасаймын. Аптасына үш рет «каратэ» спорттық секциясына барамын.
Өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға шақырамын. Спорт дегеніміз -
адамдардың денсаулығы, еңбекке дайындығы. Денсаулық - зор байлық. Денсаулық мықты
болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі,
тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу.
Объяснение:
Объяснение:
«Қонақ үй» тақырыбына диалог.
- Қайырлы күн! «Оқжетпес» қонақүйі. Сізге қалай көмектесе аламын?
- Сәлеметсіз бе! Бөлмелердің бағасын білсем деп едім?
- Бізде «Стандарт», «Жартылай люкс» және «Люкс» бөлмелері бар. «Стандарт» бөлмесінің бағасы тәулігіне адам басына 5500 теңге, «Жартылай люкс» бөлмесінің бағасы тәулігіне адам басына 7000 теңге және «Люкс» бөлмесінің бағасы тәулігіне адам басына 9000 теңге. Барлық бөлмелерде жуынуға қажетті заттар, шаш кептіргіш, теледидар, кішігірім тоңазытқыш бар.
- Таңғы ас бөлме бағасына кіре ме?
- Ия, «Жартылай люкс» пен «Люкс» бөлмелерінің бағасына таңғы ас қосылған.
- Жақсы. Тамыз айының жиырма бесі мен жиырма тоғызы аралығында бос «жартылай люкс» бөлмесі болса, брондауға болады ма?
- Бір минут, қарап көрейін. (...) Ия, бұл мерзімде бос «жартылай люкс» бөлмелері әзірге бар екен. Сізге неше адамдық бөлме қажет?
- Біз төрт адамбыз – екі ересек а
- Онда сіздерге екі бөлмелі номерді дайындаймыз. Балалардың жастары нешеде?
- Үлкені бес жаста, кішісі екі жаста.
- Үш жасқа дейінгі балаларға тегін, он жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік қарастырылған.
- Жақсы болды. Қалай брондау жасасам болады?
- Ол үшін отбасы мүшелерінің төлқұжаттары, төлем картасы және ұялы телефоныңыз қажет.
- Түсінікті. Мен онда төлқұжаттарды дайындап алып, сізге бірер минуттан соң хабарласамын.
- Жақсы. Сіздерді асыға күтеміз! Сау болыңыз!