Жұлдызшы– ежелгі дәуірлер мен орта ғасырларда аспан денелерінің қозғалыстарын бақылаумен шұғылданған адам, астроном. Ежелгі Мысырда (Египет), Вавилонда, Үндістанда, Грекияда Жұлдызшы аспан құбылыстарын бақылап, күнтізбе есебін жүргізіп отырған. Орта ғасырларда араб елдері мен Орталық Азияның Жұлдызшылары астрономияның кейбір заңдылықтарын ашқан. Ежелгі түркі тайпаларында да Жұлдызшылар болған. Қазақ тіліндегі көптеген жұлдыз атаулары (Жетіқарақшы, Үркер, Темірқазық, Босаға, Таразы, т.б.) бізге ежелгі түркілер дәуірінен жеткен. Жұлдызшылар жыл мезгілдерін, мал төлдету, бие байлау, күзем алу, жайлауға, күзеуге, қыстауға көшу мерзімдерін, т.б. көпшілікке жариялап отырған. Соңғы жылдары археологтар Орталық Қазақстандағы Жанғабыл өзенінің бойынан 8 – 10 ғасырларда жерленген Жұлдызшының зиратын тапты. Онда қабірге мәйітпен бірге “жұлдызтас” – метеорит салынған. Зират үстіне оба үйіліп, жанына граниттен шабылған тас мүсін қойылған. Бұдан Жұлдызшылардың көшпелілер өмірінде елеулі рөл атқарғандығын көреміз. Жұлдызшылардың кейбіреуі астрологиямен де айналысқан. Дәстүрлі қазақ қоғамының астрологтары “Нұждұм”, “Талиғынама” деп аталған араб және парсы тілдеріндегі бал ашу кітапшаларын пайдаланған. [1]
Объяснение:
көмектескен шығармын
«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы а қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Спорт адам өмірін ұзартады деген сөзді де жиі естуге болады. Спорттың адам өміріне көп пайдасы тиетіні сөзсіз. Сондықтан да а спортты жанына серік қылу керек. Қазіргі таңда спорттың көптеген түрі бар. Қандай спорт түрін таңдағың келеді, өзің білмей, көзің, ойың жан – жаққа жүгіреді. Спортпен айналысудың пайдасы өте көп. Дені саудың жаны сау. Дене жаттығулары адамның көңіл-күйін ғана көтеріп қоймайды, қанайналым жүйесін жақсартады. Қан қысымы мен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады. Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене жаттығуларына ден қойсаңыз, жаңа құлшыныс пен тың серпін арқасында ерекше өмір сүруге ұмтыла түсесіз.
Бұл да спорттың, дене жаттығуларының бір құдіреті. Адам дене жаттығуларымен айналысқан сәтте оның миында да сан мыңдаған үдерістер орын алады. Ми дене қимылдарының әрекетін күйзеліс ретінде қабылдап, оған қарсы күрес жүргізе бастайды. Әрбір спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Футбол ойнау да, шаңғы тебу де де, гимнастикамен шұғылдану да спортпен айналысуға жатады. Тіпті, қар күреу, ағаш жару секілді үй шаруасын атқару да спортпен шұғылданғандай әсер береді.
Я читаю казахские сказки с моей матьерю , я заучиваю наизусть песни ,решаю загадки. Мечта нашей семьи хорошо знать казахский.
Конечно, если хочешь знать язык то надо трудится.