Жетіқарақшы туралы грек мифологияларында да кездестіруге болады. Грек мифологиясы бойынша Зевс сүлу ару Каллистоны ханымы Гераның қызғанышынан құтқару үшін оны аюға айналдырып жіберген екен. (Кейбір аңыздар бойынша аюға айналдырушы Гера.) Бірақ Гера оны қуғындауын тоқтатпай әйел аңшы құдайы Артемидаға әлгі аюды атып алуды бұйырады. Сонымен Зевс Аюды ғарышқа шығарып жіберуге мәжбүр болады. Сөйтіп Үлкен аю шоқжұлдызы пайда болады. Ал, Темірқазық сол шоқжұлдыздағы өте жарық жұлдыздардан құралып, шөміш пішінді әйгілегендіктен, дербес те қарастырыла береді.Жетіқарақшы туралы ертедегі ата-бабаларымыз аңыз әңгімелер қалдырып кеткен болатын. Мысалыға мынадай ертегі бар."Тәңірі өз аттарын Темірқазыққа байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жарық жұлдыз сол Ақпоз ат пен Көкбоз ат есептеледі. Темірқазыққа арқандалған тұлпарларды ұрлау үшін жеті қарақшы жылқыны торуылдап, жайылған жылқының соңынан қуалап баспалап айналып жүреді. Бірақ әр күні таң атып кетіп олар қапы қалып отырады.» Одан басқа мынадай ертегі де бүгінгі күнге дейін жеткен. «Осыдан көп заман бұрын аспан әлемінде ағайынды жеті жігіт өмір сүріпті.Өздерінің ауызбіршілігі мықты, күшті, сотқарлықпен аты шығып жүріпті. Күндердің күнінде ағайындылардың бірі Үркершоқжұлдызының Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып, ұрлап кетіпті. Сол әрекетінен кейін оларды басқалар Жетіқарақшы атап кетіпті. Қыздарын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркеліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен дейді, жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді екен. Қуып жеткенде олардың қырғын соғысынан ақырзаман болады дейді, аңыз. Ең жарқырап тұрғаны қарақшылардың атаманы, жанында көмескіленіп тұрғаны сол Үлпілдек ару екен. Шын мәнінде зер салып байқап қарасақ, Жетіқарақшының сабы жағынан қарасыңыз Екінші әлде үшінші жұлдыздың түбінен әлсіз жарықты жұлдызды көресіз. Одан соң аспан әлемінің екеуі екі қарама қарсы тұсынан туса да таң бозарғанда бір-біріне өте жақындап қалады,».
Объяснение:
Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда, соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті. Мәселен, 90-жылдардың ортасына дейін, 40 жыл бойы бөкен Қазақстандағы негізгі кәсіптік жануар болды. 1991-1993 жылдар аралығында 800-900 мың бөкендер бар еді. 1998 жылы - 470 мың, 2001 жылы - 80 мың, ал 2003 жылы бар болғаны 21 мың бөкен қалды. Үкімет каулыларымен бөкендердің барлық түрін аулауға тыйым салынды. Бөкен Қызыл кітапқа енгізілген жоқ, бірақ осал, тіпті қиын-қыстау қауіп төнген түр мәртебесінде тұр. Оның санын қалпына келтіруде едәуір каржы салынып, аң шаруашылығы мен өзге ұйымдардың қарқынды күш жұмсауы қоса тапсырылды. Сөйтіп бөкен саны 30 мыңға жетті. Бірақ 2015 жылы бөкен ауруға ұшырап, 30 мыңнан бөкеннен 10 мың бөкен қалды. Осыған қарап адамдардың қатігездігі жанурлармен өсімдіктерді азауына ұшратты. Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғауымыз қажет.
Внесёте свою правку, которая касается места жительства, состава семьи, рода деятельности родителей, бабушки с дедушкой и пр.