Қоғамдық дамудың ерекшелігіне қарай тарихтың әр кезеңінде батырдың тұлғасы түрлі игі қасиеттермен сипатталып келген. Алғыр ерлер елдің ішкі-сыртқы жауларына қарсы тұрып, Отанының тыныштығын, тұтастығын, мүддесін сақтауға ерлігімен сүйеу болды. «Ері барда, елі қор болмас» деп, ежелден батырлық пен батылдықты дәріптеген бабаларымыз мақал-мәтелдерінде, эпостық жырлар мен аңыз-әпсаналарында бұл қасиеттердің маңызын дәріптеп өткен. Өжет мінез бен батылдықтың, қайсарлық пен табандылықтың арқасында ата-бабаларымыз еліміздің туын жықпай, ұлан-ғайыр өлкені келер ұрпаққа мұра етіп қалдырды.
Батыр адамның бейнесі көне дәуірлерден бүгінге дейін әділеттілікті орнату, ар-намысты қорғау, халықтың бірлігі мен бостандығына қол жеткізу үшін күрескен ерліктерімен қалыптасқан. Ержүрек батырлар халық рухани қажығанда күш беретін жарқын бейне болған, бола береді. Себебі олардың жасаған ерліктері а ң күш-қуатына, асқақтығы мен адамгершілігіне деген сенімді ұялатып, ұлт санасында өшпес із қалдырады. Ал батырлардың ерлігін қастерлеп, оларды жас буынға насихаттау – қазіргі қоғамның рухани қайта жандануына серпіліс беруде аса маңызды.
Қазіргі таңда шынайы батырдың бейнесін тек әдеби-тарихи кітаптар мен шығармалардағы қаһарман тұлғалардан ғана емес, өзіміздің арамызда адал қызмет етіп жүрген жандардың бойынан да көруге болады. Олар – бізбен қатар жүріп, бүкіл саналы ғұмырын қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауға арнаған азаматтар. Бұл батырлар елін, жерін, халқын қорғау жолында өзін құрбан етіп, замандастары мен келешек ұрпақтың алдында асқан қайрат пен жанқиярлықтың үлгісіне айналды. Олар бейкүнә тұрғындардың өміріне қастандық жасауды көздеген, рақымшылық пен аяушылықты білмейтін жауларымен бетпе-бет жолыққанда өжеттік танытты. Осындай ерліктер отанды қорғауға ант қабылдаған қаруластарын рухтандырып, күш-қайрат қосып, оларды ұлы мақсаттарға жігерлендіруде.
Батыр Баян -Мағжан Жұмабаевтын поэмасынын кейіпкері.Бұл поэмада Батыр Баян өте өжет ,батыл адам ретінде суреттелген.Батыр Баяннын бойындагы ең басты қасиеті Отанына,еліне деген сүйіспеншілігі.Ол қазақ халқының батыры және Абылай ханның ең жақын жауынгері. Оның мінезі отаншыл және өте намысқой.Онын намысҡойлылыгы поэмада кеңінен суреттелген.Ол Отаны үшін оз інісі Ноянды өлтіруге дейін барды .Ал Ноян қалмақ қызынын артынан еріп өз еліне сатқындық жасады.Бұл сатқындыққа шыдамаған Батыр Баян қалмақ қызын да ,інісі Ноянды да өлтіреді.Осыдан ак Баяннын намысшылдығын жане еліне деген махаббатын коруге болады.Ол Абылай ханнын қолбасшысы жане сенімді батыры. Ол қазақ халкынын ак туын устаган батыр .Поэманын сонында Батыр Баян шайқаста қаза табады.Оны ар ұяты жібермеді.Сөйтіп ол көп өкінді.Өкініштін кесірінен ол шайкаста өлуге бел байлайды.Бұл поэманын маңыздылығы оте зор..Ең бастысы ойланып ,шешім қабылдау .Қазақта «Жеті рет өлшеп ,бір рет кес » деген нақыл сөз бар ғой .Міне сондықтан да шешім қабылдамас бұрын ойлану қажет.
Объяснение:
Жалқы есім арнайы берілген есімдер мен атаулар
Деректі зат есім ол нақтылы тануға болатын зат атаулары. Көзбен көріп , қолмен ұстауға болатын зат есімдер
Дерексіз зат есім көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары