Тбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ- деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Ұлын ұлтжанды, қызын инабатты, сыпайы етіп өсіру ол әр ата – ананың міндеті болып табылады. «Отбасы кішкентай мемлекет» демекші, мен өз отбасыммен айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым отбасымды мақтан тұтамын. Менің отбасымда төрт адам бар. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан әкешім, бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен, түн ұйқысын төрт бөлген – аяулы анам, әрдайым көмектесетін, ақылын айтатын – ағам және мен. Бірін – бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.
Денсаулық - бұл әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның негізгі байлығы. Жақын және қымбатты адамдармен кездескенде және қоштасқанда біз оларға мықты және зор денсаулық тілейміз, өйткені ол – бақытты және толымды өмірдің кепілі және негізгі байлығы. Денсаулық бізге жоспарларымызды орындау, өмірдің негізгі мәселелерді табысты шешу, қиыншылықтардан өту, керек болса, едәуір ауыртпалықтарды көтеруге көмектеседі. Адамның ақылымен нығайтылып және сол қалпында сақталып отырған, зор денсаулығы, оған ұзақ және белсенді өмірді қамтамасыз етеді.
Добавь мозгов уму! Мама и папа подарили тебе жизнь.Их заветное желание-лишь бы ты был счастлив.Береги их здоровье .Твоя честная жизнь,трудолюбие,достижения в учебе,достижения в работе-для родителей огромное счастье. Всей беречь свой очаг. Она бережет твое спокойствие и сон . Поэтому,цени и чувствуй сердце матери,ее настроение и ее спокойствие ,ее радость и печаль,ее трудности и переживания. ___ Будь послушнымм для них.Никому не препятствуй!Спрашивай у у родителей разрешение и советы на то,что делать нельзя. на свою первую зарплату ,возьми подарок для родителей. Этот подарок-твоя благодарность им.
Казахстанские писатели- В роли писателей Казахстана:Ильяс Ж ,Утебай Т,Музафар А,Бердибек С,Султан К и многие другие. Ильяс Ж учил детей ценить работу и труд человека ,ближе к теме рассказ ("Шаркей"),песня ("Малта"),второе сочинение.Утебай Темиржанов написал много таких сочинений..
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/4718-family.html
© www.ZHARAR.com