Ауыл — дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық. Қазақ халқындағы “Ауыл түбі — бірлік, қауым түбі — тірлік” деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді. Мен даланы қоныс еткен көшпелілер үшін табиғатпен үйлесімді тіршілік ету жеткіліксіз еді. Олардың әлеуметтік ортасы да адамға қолайлы болуы қажет. Бұл қажеттілік жеті аталық үрдіс деп аталатын қоғамдық құрылымды тудырды. Дәстүрлі қазақ ауылы бір атадан тараған (аздаған кірме, қоңсыларды қоспағанда) ру мүшелерінен тұрды. Ауыл ішінде негізінен некелік қатынастарға тыйым салынған. Жеті аталық үрдіс дегеніміз экзогамиялық некенің ең қатты сақталатын түріне жатады. Фольклордағы ғашықтар Еңлік пен Кебек, Қалқаман мен Мамыр осы дәстүрді бұзғаны үшін өлім жазасына кесілген. Мұны басқа мәдениеттер тұрғысынан қатыгездік деп те бағалауға болады. Алайда, рулық экзогамияның жағымды жақтары да айқын. Осындай некелік қатынастар аралары жүздеген-мыңдаған шақырым ауылдарды бір-біріне жақындатты, туысқан етті. “Құда — мың жылдық” деген ұғым осыдан пайда болған. Қазақ тілінде диалектілердің жоқтығы да осыдан. Ауылдар арасындағы ынтымақтастықтың артуы этностықтұтастықты нығайтып, бүкіл ұлт адамдарын бір әулет сияқты туыстастырды (“Қарға тамырлы қазақ”). Ауылдың әлеуметтік құрылымына келсек, онда батыстық тұрғыдан қаралып жүрген тап, тап күресі, феодал, шаруа, қанау тәрізді ұғымдардың мәнсіздігін аңғарамыз. Біріншіден, рулық-ауылдық қоғамда отырықшы мәдениеттердегідей жерге деген жеке меншік дамымаған. Ол рудың меншігі болып есептелген. Бай ауылдастардың малы да бүкіл ауыл мүшелерінің игілігі ретінде табыс көзіне айналған. Тіпті, басқа ауылдан түскен қалыңдық та бүкіл ауылдың келіні болып есептелген. Әмеңгерлік, жесір дауы сияқты әлеуметтік құбылыстардың да тамыры осында
бұл күнде қазақ тiлi мемлекеттік мәртебеге ие болды. қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар қазақ тiлiн уйренуге ден қоя бастады.
тәуелсіздігін алып iргесi беки бастаған қазақ елi өзінің ана тiлiн қорғап,Ата заңының 7-бабында "қазақстан республикасында мемлекеттік тiл -қазақ тiлi" деп бекіткен.
елбасы Нурсултан Назырбаевтын " казахстан болашағы қазақ тiлiнде. тiлсiз ұлт болмайды. оз тiлiмiздi сақтау, құрметтеу отаншылдық рухты оятуга қызмет етеді"- деген сөзіне улкен мән беруiмiз қажет.
мемлекеттік тiлдi бiлу даналық.