М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ninamir
ninamir
26.09.2022 15:59 •  Қазақ тiлi

Сочинение на тему "друзья" с переводом

👇
Ответ:
MUSHDAN
MUSHDAN
26.09.2022
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
4,6(87 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Malinka440
Malinka440
26.09.2022

Көктем қыстан кейінгі екінші жыл мезгілі. Көктемнің айырықша белгілері өте көп. Мысалы, бұл мезгілде қар ериді, гүлдер гүлдейді, кұстар жылы жақтан қайтадан ұшып келеді. Көктемде күн жылый бастайды, күн ұзарады, жануарлар өз ұйқысынан тұрып, табиғат та жанданады. Көктемде түркі тектес халықтарының барлығына аян мереке болады. Ол мерекенің аты Наурыз, басқа тілдерді "Науруз", "Наврыз" және сол сияқты. Осы күнде кун мен түн теңеледі, адамдар жаратушыға бас иіп, қыстан аман-есен шыққандарына рахымшылық етеді. Көктем - әсем және көркем мезгіл. Көктем қыстың суығыменен және жаздың аптап ыстығының арасындағы көпір сияқты. Көктем мезгілін мен және менің отбасым асыға күтеміз. Мен көктем мезгілін жаңарудың, жаңа бастаманың және жанданудың символы ретінде қарастырамын.

Объяснение:

4,4(63 оценок)
Ответ:
mamrykovaksun
mamrykovaksun
26.09.2022

Астана ең алғаш ел ордасы болған кезде оның жағдайы нашар болған еді. Астана қазір өте қарқынды дамып келеді. Астанаға барған адамдар 2-3 жылдар өте барса, танымай да қалады. Көркем де, ғажайып сұлулығы көз тартар зәулім үйлер өте көп. Концерт залдары, Және қазір өте үлкен опера және балет театры салынуда. Біз Ел- басымызға көп алғыс айтуымыз керек. Астана күн сайын өзуде десек те болады. Ол сондай ғажайы қала. Болашақ қаласы да деп айтса болады. Және тағы көптеген ғимараттар көзді ашып жұмғанша жайын болуда. Тағы айта кетер жайт- "Экспо -2017" ол да, Ел ордасы Асанамызда салынбақшы! Астана, барлығымыздың саған айтарымыз "Көркейе бер!" Астана арман қала.

4,7(12 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ