М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
illay0409
illay0409
04.02.2021 06:24 •  Қазақ тiлi

Сочинение на тему : моя родина казахстан на казахском языке 100-150 слов

👇
Ответ:
dinbili4
dinbili4
04.02.2021

Әр адамның өзiнiң туып-өскен жерi болады. Менiң Отаным - Қазақстан. Қазақстанның жерi кең-байтақ, өте әдемi және бай. Мұнда кең далалар, жасыл ормандар, көгiлдiр өзеңдер, шөлдi аймақтар, биiк таулар бар. Қазақстанда тарихи ескерткiштер, табиғаты көркем қорықтар орналасқан. Қазақстан Республикасының президентi - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол - бiздiң сенiмдiлiгi. Қазақстан көп ұлттық мемлекет. Отанымда әр түрлi халықтар тұрады. Бiз - Қазақстанның болашағымыз. Қазақстан - бiздiң ортақ үйiмiз. Қазақстанда менiң отбасым, достарым, тұрады. Менiң Отаным - менiң мақтанышым, асыл байлығым. Мен Қазақстан өте сүйемiн.

4,8(52 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Kylie15
Kylie15
04.02.2021
Қоғамның басты байлығы – адам. Елбасымыз халыққа Жолдауында «Адам елдің басты байлығы» - деп атап көрсетті. Жан-жақты жетілген, білімді, саналы азаматтар қалыптасқан қоғамның болашағы зор. Ал, болашақтың иесі – жастар. Сондықтан да жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беріледі. Жастарды Отансүйгіштікке, патриотизмге, адамгершілікке, мәдениетке, өзара сыйластыққа тәрбиелеу қажет.«Тәрбие тал бесіктен басталады» - деп дана халқымыз тегін айтпаған. Ұрпақ тәрбиесі отбасынан басталып, мектепте жалғасады. Әсіресе, отбасының тәрбиесі жүйелі болуы тиіс. Әр ата-ана өзінің мінез-құлқымен, жүріс-тұрысымен, адами қарым-қатынасымен, бүкіл болмысымен балаға үлгі болуы тиіс. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халқымыздың қанатты сөзі бар.  Біздің халқымыз жас ұрпақты тәрбиелеудің қарапайым түрін шебер пайдаланған. Әжелеріміз баланы ұйықтатқанда батырлар туралы жомарттық, мейірімділік, Отансүйгіштік тағы да басқа тәрбиелік  мәні зор ертегілер, дастандар айтып ұйықтатқан. Мұның өзі баланың құлағына жақсы істерді сіңіру еді. Бала мұның барлығын есіне сақтап қалады да, адамгершіліктен аспайтын, жамандыққа баспайтын, елін-жерін сүйетін азамат болып шығады. Жастар тәрбиесі күрделі іс. Жастарға қамқорлық жасау елдің болашағына қамқорлық жасау болып табылады. Бұл тұрғыда мектептегі тәрбие жұмыстары да сапалы  болуы керек. Сондай-ақ, өскен ортаның да тигізер ықпалы зор. Халқымызда «Ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол» деген даналық сөз бар. Мұның астарында терең мағына жатыр. Жастар тәрбиесі ата-ана мен мектептің ғана емес, бүкіл халықтық іс. Жастарды тәжірибесі мол, көпті көрген қарттармен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, алтын, күміс алқалы ардагер аналармен кездесулер өткізіп, өмір мектебіне сабақ алуға баулу керек. Олардың көрген-білгендері, өмір жолдары жастарға үлгі-өнеге болады. Жан-жақты тәрбие алған жастар еліне, халқына адал қызмет етеді. 
Жастарға кәсіптік тәрбие берудің де маңызы ерекше. Ата-ана мен мектеп баланың бейіміне, қабілетіне қарай бағыт-бағдар беріп отыру керек. Оның өзінің сүйген мамандығын меңгеруіне көмектесу және мамандығы қандай болса да ата-ана оған кедергі жасамауға тиіс. Сонда ғана жас азамат өмірден өзінің лайықты орнын табады. Ал өмірден өзінің лайықты орнын тапқан жастардың қоғамға тигізер пайдасы да өз дәрежесінде болары сөзсіз. Өзінің ұнатқан ісін қолға алған азамат сол істің шебері болып шығады. Жастар тәрбиесіне айрықша мән беріп, оларды заманына лайық азамат етіп шығару аға ұрпақтың абыройлы борышы. «Болашақ» бағдарламасымен жастарымыз шет мемлекеттерде білім алып жатыр. Олар бітіріп келгеннен кейін мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыруға кепілдік берілген. Мұның өзі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жастарға елдің болашағына жасап отырған қамқорлығы.
Ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар, елін-жерін сүйетін ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек ұрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз қажет.
4,5(75 оценок)
Ответ:
irinkaff1
irinkaff1
04.02.2021

1) Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

2) Тастан сарай салғызды;

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып - жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

3) Жаныңа жәрдем берсін Құдай Тағалам.

Атаң мұнда анаңмен есен-аман,

Сүйіп, сәлем жазады бүгін саған.

4) Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

5) Болмасқа болушы болма!

Қолыңнан келсе қыл қайыр,

Кісіден алушы болма.

6) Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

4,5(88 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ