Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталары – батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері – үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген.Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік. Ол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді.Әсіресе зергерлік бұйымдар әйел адам үшін керек.Ол әйел адамның көркіні ашады.
Наурыз тойы--көнеден келе жатқан ұлттық мейрам.Наурыз мерекесі аса киелі қасиетті мереке.Бұл күні қазақтар бір -бірін үйлеріне шақырып қонақасы қылған.Дастарқанның басты асы--Наурыз көже болған.Наурыз көже ұлттық тағам.Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалған.Дәстүр бойынша оған бидай,тары,сүр ет, бұршақ,сүт, су, тұз міндетті түрде қосылуы тиіс Наурыз көжеге ет қосылуы қыспен қоштасуды, сүт қосылуы келе жатқан жазбен қауышуды білдіреді екен.. ,,Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады ,,! деген сенім бар. Наурыз көже ,наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген.