Объяснение:
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Кітап.
"Кітап-білім бұлағы" деп қазақ халқы бекер айтпаған. Кітап адамның асыл қазынасы. Себебі ол, адамды терең ойлауға жетелейді.
Қазіргі кезде техниканың кітапқа көңіл аудара бермейді. Өйткені, барлық ақпаратты интернет желісі арқылы оқып жатады. Кітапты, ертегіні оқымаған бала рухани мүгедек бала болып қамуы әбден мүмкін.
«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген екен Ғабит Мүсірепов.