Мен жазғы демалысымды қалай өткіздім?
Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Мен биылғы жазғы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.
Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.
Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Күнделікті көлге шомылуға барып, ал одан соң түрлі экскурсияларға баратынбыз, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Жазғы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен қысқы мезгілде келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық.
Бірінші және басты құқығы адамның өмір сүруге құқықтылығы. Ол барлығы үшін киелі болуы керек. Сондай-ақ өз өмірін жай ғана өткізуге емес, оны лайықты өткізуге құқықты. Ешкім оны моральдық тұрғыда да күш көрсетіп те қорламауы керек. Ұрмауы, қорқытпауы, ешнәрсеге еріксіз итермелеуі. Адам өзіне лайықты өмір сүруге, бостандыққа құқықты. Сондықтан ол өз еркімен өзіне ұнаған оқуды оқуына, жұмысты таңдауына, сүюге құқықты. Сол сияқты әркімге жеке меншігіне құқығы бар. Адам табиғаты сондай, біз барлығымыз өзімідікі болғанын қалаймыз: үй, автокөлік тағы басқалардың. Бұларды бізден алып алуға ешкімнің құқы жоқ.
Адам құқығын мемлекет және оның заңдары қорғауы керек. Бірақ, көбіне адамдарға өздерін мемлекеттен және оның басшыларынан қорғау керек болады. Осыдан жетпіс жыл бұрын біздің елде армияға барғысы келмеген балаларды атты. Сол уақытта Европада денсаулығы нашар әйелдерге "ұлттың тазалығы"үшін бала тууға тиым салынды.
Өте жақсы, ол уақыттар өттті, адамзат ақылдырақ болды. Бірақ, адам құқығы толығымен сақталады деп айтуға болмайды, біздің елде де. Бай, ауқатты адамдардың құқығы кеңдеу, жай халықтыкінен.
Мен жеке басым , әрбір адам өзі құқығы мен бостандығы сақталуын бақылауы керек деп санаймын. Әрине, оны дәлелдеумен. Және, ең бастысы, басқалардың құқығын өз құқығыңнан кем көрмей сыйлау. Сонда біздің мемлекетіміз құқықты мемлекет бола алады.