Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы.
Салт-дәстүр деген не, соған тоқталып өтейін. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық.
мен күнделікті таңертең таңғы асымды ішпес бұрын су ішем себебі ол паидалы. Менімше дұрыс тамақтану - тағам түрлерін дұрыс таңдап жеу және өз уақытымен тамақтану..Күнделікті үш немесе төрт рет тамақтанамын.Тамақты аса талғамен жеген өте дұрыс. Көшеден әрнәрсені жегеннен көрі үйден тамақ ішкен дұрыс. Өз мөлшерінде тамақты жеу керек бет алды асап жей бермеи. Тамақты көп мөлшерде жессең семіздікке әкеп соқтырауы мүмкін. Сондықтан достар дұрыс тамақтанаиық.