М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Heh6
Heh6
19.03.2021 19:42 •  Қазақ тiлi

Разобрать по составу слово "тәуелсіздік".

👇
Ответ:
lnk88
lnk88
19.03.2021
Т - дауыссыз, қатаң
ә - дауысты, ашық, езулік, жіңішке
у - дауыссыз, үнді
е - дауысты, ашық, езулік, жiңiшке
л - дауыссыз, үнді
с - дауыссыз, қатаң
і - дауысты, кысаң, езулік, жіңішке
з - дауыссыз, ұяң
д - дауыссыз, ұяң
і - дауысты, кысаң, езулік, жіңішке
к - дауыссыз, қатаң

Әріп саны: 11
Дыбыс саны: 11
4,5(92 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Karelia1677
Karelia1677
19.03.2021

Даңқты жыраудың азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы. «Күмбір-күмбір кісінетіп»,«Уа, қарт Бөгенбай», «Менімен, ханым, ойнаспа», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» жəне т.б. өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, отансүйгіштік күй-сезімдерге толы.

Бүгінде Ақтамберді жыраудың 26 туындысы белгілі. Олар тақырыбы жағынан үш топтан тұрады жəне тиісінше жауынгер-ақын өмірінің үш кезеңін: жастық шағын, толысып, даңқы шыққан жылдарын жəне егде тартқан кезін бейнелейді

Қазақ халқының суырып салма ақыны, төкпе жырау атанған Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданында, Қарабау деген ауылда дүниеге келген. Жастайынан сөзге жүйрік, тілге үйір Мұраттың оқуға ақындыққа деген құштарлығы ерте жаста оянған. Мұрат ер жете келе айтыс өнеріне қарай ойысады. Өз өңірінің даңқты ақындарының бірі болады. Жас ақынның қызбалығынан Мұрат ойын –сауық кештеріне жиі бас сұғып, көптеген айтыс аламанына түсіп, жеңіп отырған.  Оның барлығы жас ақынның атақ-абыройына салмақ қосып, оған қосымша бедел әкеледі. Ақын мұнымен шектелмей ой-өрісі мен білімін артыру мақсатында ел мен жер тарихы жайлы, рулардың шежіресі жөнінде көрген-естігендерін миына құйып, есте сақтап отырған. Тап осы кезден бастап Мұрат Мөңкеұлы жұрт өнегесіне таңба болып басылған келеңсіз жайттарды ел ішіне  қанықтыра бастайды. Мұрат Мөңкеұлы отаршылдық заманында қазақ жұртының қаналып, әбден қажыған сәтінде елдің жарасын жамап, қарапайым халықты өлең-жырларымен рухтандырып отырған. Ел тәуелсіздігін аңсап, халықтың бүгіні мен кешегі күндерін салыстыра жырлаған.  Халықты бірлікке шақырып, ел үшін күресуді талап еткен. Қазақ батырларын қолға қару алып, жаудың бетін қайтаруға әрдайым өткір ұрандар тастаған. Түрлі саяси науқандардың тұсында зар заман ағымына әр қилы толғаулар айтады. Мұрат ақының «Үш қиян» шығармасында халықтың қара шаңырағы шайқалып, босағасы тари түскендігі қара өлеңде айқара көрсетіліп баяндалған. Адам пиғылының төмендеп, заманның азғандығын ашына сөз етеді. Өлеңдерінде жүректе қалған мұңның тап қазір болып жатқан сықылды етіп, жұртты тебірентпей қоймаған. Көшпенді мемлекеттің жазда жайлаудан, қыста қыстаудан айырылып, тығырыққа тірелгендігін, тұрмыс жағдайының күрт нашарлап, өмірге  көлденең соққан жел ата-бабадан келе жатқан асыл мұраның бытшыты шыққанын жазған. Мұрат ақынның заман шындығын зарлай жырлаған әдеби мұрасы зар заман аталды. Сондықтан да Мұрат Мөңкеұлы Дулат Бабатайұлы,  Шортанбай Қанайұлы секілді  ақындармен терезесі тең келіп  XIX-дың зар заман ақыны атанған болатын.

Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22457

Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

4,6(84 оценок)
Ответ:
Мария20041007
Мария20041007
19.03.2021

Объяснение:

Елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемле­кеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына жиі барамын. Театрда қойылатын жаңа қойылымдардан қалмаймын десем бо­лады. Ғажайып өнер ордасының тұрақты көрер­менімін. Ондағы талай рөлдерді сомдап жүрген әртістердің шеберлігі маған жақсы таныс.

Мәселен, өзіме белгілі қаламгер Рахымжан Отарбаевтың тума таланттың азапқа толы өмірін өріп жазған «Әміре» драмасы қатты ұнады. 1925 жылы Париж­де өткен Бүкілдүниежүзілік ­«ЭКСПО» көрмесіне қатысқан Әміре Қашаубаевтың тағдырына арналған туындының сахналық шешімдері көрерменді бейжай қалдырмады. Қойылымның режиссері Нұрлан Жұманиязов тың ізденістерге барған. Бас кейіпкердің Парижге барғанда халқымыздың тағы бір аяулы ұлы Мұстафа Шоқаймен кездесуі де, көрнекті қайраткердің жат жерде елді сағынып жүргені де шынайы берілген. Спектакльдің бас кейіпкері «Әміре» бейнесін театр әртістері Қасымхан Бұғыбай мен Асылбек Қапаев келісті сомдады.

Ал Қаллеки театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов қойған «Қызыл орамалды шынарым» атты лирикалық драмасы көрерменнің көңілінен шыққан спектакль болды. Қырғыздың әйгілі жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Арманым, Әселім» повесі негізінде сахналанған туындыда қос жастың адал махаббаты айрықша бедерленген. Ұзатылып бара жатқан жерінен туған-туыстарын тастап, сүйгенімен кете барған Әселдің өмірі де адамға терең ой салады. Бір-ақ рет жіберілген ағаттық Ілиястың отбасынан айырылуына әкеп соғады. Міне, осы оқиғалардың бәрі де өмірдің өзінен алынған.

Қысқасы, шаһардағы бас театр­дың әр қойылымын қалт жібермеймін. Алғаш Ақмолада қазақ театры ашылғанда қуа­нышымызда шек болмады. Бүгінгі «Астана» концерт залында көрнекті суреткер Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері–Ақтоқты» трагедиясымен театр шымылдығы түріліп еді. Содан бері біраз уақыт өтті. Өнер ордасының арнасы кеңейді. «Астаналық» деген мәртебесі де бар. Үнемі театр ұжымына тілектес болып отырамын. Бізді олар жақсы дүниелерімен қуанта берсін!

4,6(5 оценок)
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ