Ғылыми және арнаулы кітапханалар, ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді. Кітапханалар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған.[1] Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырдың ортасында Ассирия патшасы Ашурбанипалдың сарайында қыш тақталарға жазылған жазбалар жинағы сақталған. Көне кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі. 9 — 11-ғасырларда Бұхара, Самарқанд, Отырар, Үргеніш, Мерв қалалары ғылыми және әдеби кітап қорларымен аты шықты. Ұлы ғұлама әл-Фарабидің туған қаласы Отырарда Александриядан кейінгі әлемдегі екінші ең ірі кітапхана болған деп есептеледі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында барлығы 11300 кітапхана (2003) жұмыс істейді.[2]
Оның кейбір түрлерін дельфинарий, океанариум деп те атайды. Олардың пішіні мен құрылысы әр-түрлі болып келеді. Аквариумдер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталады. Онда өсімдіктер де өсіріледі. Әдетте арнаулы құралмен аквариумге ауа да жіберіледі. Суы мезгіл-мезгіл ауыстырылып тұрады. Аквариумде ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізіледі. Мысалы, гамбузия балығын жерсіндіру аквариумде зерттелді, соның нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандарында гамбузия өсірілетін болды. Аквариумде балық аурулары да зерттеледі. Мектепте көрнекті құрал ретінде аквариумның лабораториялық және сәндік түрлері қолданылады. Ғылымда аквариумды экологиялық жүйенің қарапайым моделі деп қарап, ондағы топырақ пен судың құрамының өзгеруіне, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне бақылау жасап, ғылыми тұрғыда баға беруге болады. Сондай-ақ аквариумде биологиялық тепе-теңдік сақталады, тура табиғаттағыдай зат айналу процесі жүріп тұрады.