компьютерді іске қосқанда ең алдымен бағдарламалық жасақтама жұмысқа кіріседі. бұл компьютерге өндіріс орнынан орнатылған бағдарламалық жасақтама енгізу-шығару базалық жүйесі (віоs) деп аталады және ол компьютердің тұрақты жадысында сақталады. ол компьютерді қосқан сайын оның қызметтерін тексереді, содан кейін операциялық жүйенің алғашқы жүктемесін қамтамасыз етеді.
операциялық жүйе - ол бағдарламалық өнім. оның көмегімен осы ортада қолданатын қосымшаларды іске қосуға болады.
орнатылған операциялық жүйені дұрыс жүктеу үшін мынадай әрекеттер жасау керек:
· диск-жетекте дискінің жоқтығына көз жеткізу.
· мониторды қосып, компьютердің алдыңғы тақтадағы қоректенуді ажыратқышын қосу. алдымен компьютер 10 секундтан 30 секундқа дейін болатын power-on-self-test (роst) өзіндік тестілеуін орындайды. тестілеу үрдісінде қате айқындалса, экранда осыған орай хабар пайда болады. < del> пернесін басып, жүйені баптауын өзгерту және қатені жою үшін bios конфигурациялау смоs setup post бағдарламасын таңдап «мәселелерді шешу» тарауын пайдалануға болады. post - өзіндік тестілеу сәтті аяқталған кезде компьютер қысқа дыбыстық сигнал беріп, экранда компьютердің конфигурациясы бар кесте пайда болады. осыдан кейін компьютер қатқыл дискіден операциялық жүйенің жүктелуін бастайды.
· алғаш компьютерді қосқанда операциялық жүйе көшірмесінің сериялық нөмірін енгізуді сұрайды. нөмір операциялық жүйеге қосып берілген жапсырмада көрсетіледі. сондай-ақ қолданушының аты-жөні көрсетілуі керек.
· егер сериялық нөмірі дұрыс енгізілсе, windows стандарттық терезені - «жұмыс үстелін» көреміз. экранның сол жақ төменгі шетінен «іске қосу» (пуск) батырмасын қоса аламыз.
· енді пернетақтаны және «тінтуір» тетігін ыңғайлы орынға қойып, мониторды дұрыс орналастырып, бейненің параметрлерін баптау керек. мониторды баптау құрылғымен бірге берілетін пайдалану нұсқауында сипатталған.
· алдымен операциялық жүйемен жұмысты игергеннен кейін ғана бағдарламаларды орнатуды бастауға болады.
Бізді қоршаған орта табиғат. Адам өмірі үшін керектінің барлығын табиғаттан алады.
Менің ауылым кішкентай болғанымен, маған өте ыстық. Ауылымның аты Кеңқияқ. Ауылды айнала қоршап жатқан, Темір өзені жылдың төрт мезгілінде де сәнді кербез көрінеді. Жазғы демалыста өзенді жағалап суға түсеміз. Суды ластамау керектігін анамыз әрдайым айтып отырады.
Әдемі бой көтерген мектебіміз, мәдениет үйі, кітапхана ғимараттары бар. Жер қойнауынан мұнай, газ өндіріледі. Сазды топырақты жерімізде жусан, селеу өседі. Біздер болашақ ұрпақ жеріміздің байлықтарын қорғап сақтап қалуымыз керек. Табиғатты аялау бәріміздің міндетіміз. Мен ауылымның болашақта одан әрі гүлденіп, табиғатымыздың жайнап өркендеуін тілеймін.
- Менің пәтерім үшінші ықшам ауданда.
- Пәтерің үлкен бе?
- Ия, үлкен, төрт бөлмелі.
-Сенің пәтеріңді көруге бола ма?
- Әрине болады.