Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану - қазақтың өзін-өзі тануының, басы да, соңы да! Абайды тану - Абай айтқан сындардан толық қорытынды шығару деп білеміз. Айдай анық нәрсе, Абай ақын ғана емес, ол өлеңдері арқылы өз халқының төрдегі басын есікке сүйреп келген, басты міндерін батыл көрсетіп берген тұңғыш дана сыншымыз да! Өкінішке орай, Абайдың сол әлеуметтік-философиялық өткір сындарын сындарлы сынды қабылдау мәдениетіміздің төмендігі салдарынан әлі күнге толық қабылдап - толыққанды қорытынды шығара алмай жүргенімізді жасырғанмен бәрібір ол кемшіліктен арыла алмаймыз ғой. ...Біріңді қазақ бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос. Малыңды жауға Басыңды дауға Қор қылма, қорға, татулас... Әлем әдебиетінде Абай секілді алыптарды танутудың сан түрлі жолы бар. Орыс әдебиеті Пушкинді әлі күнге зерттеп, зерделеп біте алмай жатыр. Бір қуанарлығы біз данышпан Абайдың да сондай қырларына дендеп ене бастадық. Мысалы, Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" эпопеясын ақ орда десек, әлгі жазылып жатқан, жазылатын еңбектер оның көркіне көрік қосатын ақшаңқан отаулар ретінде кең қанат жая береді.
Жауабы :
1)Өздік етісті табыңыз
Асыл өзі киінді
2)Бұрынғы өткен шақта түрған сөзді көрсетіңіз:
Танысқан екен
3)Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз:
Ызаландырмақ
4)Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз:
Бара жатыр
5)Бұйрық райдың 3-ші жағын табыңыз:
Жетсін
6)Осы шақтағы етістікті табыңыз:
Көптеген жаңа бұйымдар өндірілуде.
7)Баяндауыш қызметіндегі етістікті табыңыз:
Олжабек ойланып қалды
8)Тұйық етістікті табыңыз:
Жуу
9)Үстеу дегеніміз не?
Қимылдың мезгілін, белгісін, себебін мақсатын білдіреді.
10)Мезгіл үстеуін көрсетіңіз:
Бүрсігүні аттанды
11)Мекен үстеуді көрсетіңіз:
Алға қадам басты;
12)Мақсат үстеуін табыңыз:
Жорта, әдейі.
13)Өкіну мәнін білдіретін одағай қайсысы/
Әттең
14)Одағайды табыңыз:
Алақай, уһ
15)Ұлттық байлыққа нелер жатады:
Тарихи ескерткіштер, табиғи байлық, мәдени мұра.
16)Теңге соңғы рет қай жылы шықты?
1993 ж
17)Алтыннан да қымбат не?
Уақыт
18)Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз:
Жақсылық пен жамандық – болды егіз.
19)Көп нүкте орындарына қажетті қосымшалар қойыңыз. Нарық...экономика...жетектей...күш-бәсекелес...
-тық,-ға,-тін,-тік
20)Экономикамен байланысты мақалды табыңыз:
Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады.
21)Жалпы зат есімді белгілеңіз:
Адам.
22)Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз:
Мектептің
23)Етістіктен болған сын есімді көрсетіңіз:
Шашыраңқы
24)Туынды сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз:
Өнерлі өрге жүзер
25)Сапалық сын есімнің анықтамасын көрсетіңіз:
Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын анықтайтын сын есім.
26)«Характеристика» сөзінің аудармасы көрсетіңіз:
Мінездеме
27)Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз:
Көк (құтан), көк (жиек).
28)1845 жылы қазіргі Семей облысының территориясында дүниеге келген қазақ поэзиясының классигі кім?
Абай
29)Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз:
Мектептің
30)Топтау сан есімін көрсетіңіз:
Жүз-жүзден;
31)Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз:
Сен де келесің бе?
32)Ілік септігі мен тәуелдік жалғауды табыныз:
Колхоздың малы;
33)Мына сөздердің ішінен синонимдерді табыныз
Ақылды, ғұлама, кемеңгер;
34)Тайға таңба басқандай деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз:
Анық
35)Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын табыңыз:
Әкесін
36)Зиялы сөзінің антонимін табыңыз:
Надан
37)Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз:
Осы жағдай сенің әр уақытта есіңде болсын.
38)Синоним сөздердің тізбегін табыңыз:
Ар, ұят, ождан;
бол-етістік,ма- болымсыз етістік,й- көсемше,ды-ж.ж.3жағы