Родина
Отан
Отан дегенді әркім әрқалай түсінеді. Менің ойымша Отан дегеніміз ол біздің кіндік қанымыз тамған жер, туып өскен жер. Отан отбасынан басталады дейді атам қазақ. Бір кішкентай отбасы ол өз алдына үлкен бір мемлекет. Отанын сүйетін адамды патриот деп атайды. Ол өз елі, жері үшін барлығына да дайын адам. Мен де өз Отанымның патриотымын. Ер жеткенде елімді биік шыңдардан көрсететін азамат боламын.
Астана – арман қала
Сарыарқа төсінде,
Сән беріп Есілге.
Жас қала – Бас қала,
Астана өсуде.
Күн болып қарайды,
Шуақ боп тарайды.
Әлемге нұр шашқан,
Астанам арайлы.
Туғандай қиялдан,
Үйлері бір арман.
Аспандап барады,
Аяулы ұлы ордам.
Ақ таңмен тыныстап,
Мүлгиді күміс бақ.
Тыныштық тұтқасын,
Елбасым тұр ұстап.
Мәрмәрдан қаланған,
Сан сарай, сан арман.
Жауһардай жарқырап,
Жас қала жаңарған.
Елбасы тілегі,
Елімнің жүрегі.
Жасанған елорда,
Туған жер тірегі,
Даламның кеңдігі,
Тауымның ерлігі.
Елордам тұр сенде,
Елбасым ерлігі.
Елордам қуатты,
Шырайлы, шуақты.
Шұғыла шаша бер,
Алтын күн сияқты.
Астана ақ қала,
Ақ мәрмәр пәк қала.
Шарықтап, қарыштап,
Шалқи бер, шаттана.
Кітапхана туралы диалог.
- Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім.
- Ия, Маржан дұрыс айтасың. Сенімен толықтай келісемін. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
- Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Сенің ойыңша, осы мәселені қалай шешуге болады?
- Менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.
- Ия, осы орайда мектебімізде де түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде. Мәселен, келер аптада ұлы Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқудан әдеби кеш өткізілмек.
- Онда бұл шараға белсенді қатысу керек екен. Мен Абай шығармаланып сүйсініп оқып, көбісін жатқа да білемін.
- Әрине, қатысып көр. Оның үстіне жүлделі орын иелері қалалық байқауға жолдама алады.
- Ендеше бағымды сынап көрейін!
У каждого из нас есть свои любимые места, которые нам нравятся еще с детства, и с которыми у человека есть свои воспоминания и ассоциации. А ведь что может быть прекраснее тех воспоминаний, которые сохранились у человека? Особенно если это приятные воспоминания, и тем более связанные с детством.
Так что в первую очередь Родина – это те родные тропинки, по которым человек куда-то ходил, знакомые закоулки, переулки, дома, парки, озера и все остальное – у каждого ведь свои ассоциации и воспоминания. Именно с этого и начинается любовь к родине – с родных мест, которые близки каждому человеку. Потому сама Родина не отделима от природы и от ее красот.
Дальше уже к этому образу мы добавляем то почтение, которое есть у каждого человека перед его предками, которые жили и творили на этой земле, облагораживая ее в труде и защищая на полях сражений. И каждому человеку следует помнить о том, что родина и его родимый край всегда ему набраться физических и духовных сил, какие бы тяготы он не испытывал в жизни. И ошибочным является отождествление родины с экономическим благополучием того государства или строя, в котором мы живем. Понятие «Родины» - это намного более сокровенное и духовное понятие. И этот образ живет в душе каждого человека.