М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Flylama
Flylama
03.11.2021 20:01 •  Қазақ тiлi

Нужно на конкурс осенний на казахском языке.

👇
Ответ:
МиссисX2
МиссисX2
03.11.2021
Армысыздар жиналған көпшіл қауым, Биік қойған жанынан қыздың арын! Қыз өсірген қазақтың қайғысы осы, Қатал сынға салатын әр қадамын! Шын сыналған жүйрікте мін болмайды, Ақылы озық - біреуге күң болмайды! Келіні дана болған қазағымның, Ұлдары өзге елге құл болмайды! Көпшілік мен де өзімді сынға салдым, Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын! Топтан озу мақсатым болмаса да, Ару болу мақсатым инабатты! Әділқазы алқасы армысыздар! Бейне бір жауатұғын қармысыздар. Аруларға әділ баға беретұғын, Әділеттен жаралған жанбысыздар?! Атым - болады сұрасаңыз, Албан екен кешегі бір атамыз. Әкем аты асқар тауым, Пана болып біздерге жүз жасаңыз! Анашым қызы, Жүзінен төгілетін күннің нұры. Атыңа кір келтірмей өтсем сенің, Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..! Ұстазым - ... апай аяулы адам, Біздерден бар білгенін аямаған! Осындай ұстаздардың арқасында, Көпшіліктің көңілі тояр маған! Көп айтып өз жайымды не қылайын, Өнеріммен одан да таң қалдырайын! Кішіге үлгі, үлкенге өнеге болып, Сахнаның төрінде сән құрайын!
4,5(76 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Helluing
Helluing
03.11.2021
Білім берудің қай түрі болмасын — тәрбие
Лев Николаевич Толстой

Білуге құмарлық рухтың қашанғы қанағатсыздығы
Джон Тейлор

Білім мен құдіреттілік — екеуі бір нәрсе
Френсис Бэкон

Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп адасады
Жан Жак Руссо

Көп білем десең, аздан бастап үйрен
Джон Локк

Білімдіңнің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!
Мағжан Жұмабаев

Адамның біліміне ақыл серік, ақыл кен таусылмайтын жанға көрік
Ақансері Қорамсаұлы

Бақыт жолы біліммен табылады
Ахмед Югнаки

Білім — а ң ортақ қазынасы
Жүсіп Баласағұн
Білім туралы:
Білімің болсадағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей
Шал ақын

Білімдіңнің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр
Махмұд Қашқари

Еңбек туралы:
 Еңбек - қуаныш, жалқаулық арылмас азап. Абай
Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық.Абай
4,7(24 оценок)
Ответ:
dinka1820
dinka1820
03.11.2021

«Егер мен миллионер болсам» тақырыбына диалог құрастыру.

Еркебұлан: Нұрсұлтан, сен не істеп отырсың? Сурет салып отырмысың?

Нұрсұлтан: Жоқ, аға. Армандап отырмын.

Еркебұлан: Ал мынау суреттер не үшін?

Нұрсұлтан: Аға, «армандар картасы» дегенді естуіңіз бар ма? Міне, мен сол бойынша армандарымды жазып отырмын. Дәл қәзір миллионер болуды армандап отырмын

Еркебұлан: Бәрекелді, бауырым! Арманың керемет екен. Сонда миллионер болсаң, қайтер едің?

Нұрсұлтан: Әрине, алдымен ата - анама қаржылай көмектесетін едім. Одан кейін өзім көптен армандап жүрген ойыншықтарды сатып алушы едім. Одан кейін ақшаның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсар едім. Менің ойымша, қайырымдылық жасау - кең пейілділік пен мейірімділік белгісі. "Қайырымдылыққа біршама қаражат жұмсалып кетті" деп қынжылмау керек, себебі "кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді.

Еркебұлан: Жарайсың! Сенімен толықтай келісемін.

Нұрсұлтан: Рахмет, аға. Бірақ мен бір сәтте бай болып кетпейтінім анық. Алдымен оқуымды жақсы оқып, қалаған мамандық иесі атанып, талмай білім алу керек. Себебі, білім - болашаққа жасаған үлкен инвестиция. Болашақта осы білімімнің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, бай болатыныма сенемін.

Еркебұлан: Дұрыс айтасың. Армандарыңның орындалуына тілектеспін.

4,7(26 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ