Тіл – адам өміріндегі ең маңызды құралдардың бірі. Себебі тілдің қолданыс аясы өте кең. Әрбір ел, әрбір ұлт өз тілін қадірлейді, құрметтейді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі - қазақ халқының рухани, мәдени байлығы, баға жетпес құнды қазынасы.
Қазақ ақыны М.Жұмабаев: "Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады" – деген. Сондықтан, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген сөзі өте орынды айтылған. Тіл арқылы өнер-білім, мәдениет, қоғам дамиды. Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді.
Бүгінгі күні еліміз дамыған елдермен терезесі теңеліп, рухани жаңғыруға алған бағытында мемлекеттік тілдің мәртебесіне, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға аса мән беріп келеді. 2011 жылдан бері "Тілдерді қолдану мен дамытудың арнайы бағдарламасы" қарқынды жүзеге асырылуда. Барлық мемлекеттік органдарды құжат айнылым 100 пайыз қазақ тілінде жүргізілуде. Күннен күнге мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғарылап, қолданыс аясы кеңейіп келеді. Бүгінде қазақ тілі – татулығымыздың тірегіне айналғаны рас.
Сондықтан әрбір азамат мәңгілік еліміздің сарқылмас байлығы – қазақ тілін көзінің қарашығындай сақтап, құрметін арттырса, ұлтымыздың болашағы жарқын болары анық.
Объяснение:
Электронды кітап дегеніміз телефон немесе тағы да басқа құралдарда болатын кітап.Жаңа заманның жаңа технологиясы.Өте ыңғайлы әрі пайдалы.
Алайда,бұл кітаптардың да минустары болады.Болашақ жас ұрпақ кітап туралы ұмытады.Қанша ыңғайлы болғанымен шын кітапқа жетпейді.Кітап – алтын қазына.
Әрине,технологияның дамып келе жатқан заманы.Алайда,біз кітаптарды құрту арқылы бізге мұра болып қалған құндылықтармен қатар,қымбат байлығымыздан да айырыламыз.Кітапты қадірлеу керек.Себебі ол үлкен қазына,асыл байлық.Кітап оқығандікі,Білім тоқығандікі демекші, адам оқуға ынта-жігері болса, ешқандай кедергі болмайды.Ондай адамға онлайн кітап пен шын кітаптың айырмашылығы жоқ.Кітап ата-бабамыздың бізге қалдырған үлкен құнлылықтарының бірі.Ертеде кітапты ерекше қастерлеген.Біз үшін де солай болуы керек. Кітап оқыған адам жаман болмайды.Білімі артады,ой-өрісі кеңейеді.
Салауатты өмір салты.
Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Үлкен кісілер « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаса керек, себебі дені сау адам – мемлекеттің ең басты капиталы.
Соңғы кездері салауатты өмір салтына аса мән беріліп, бұл мәселе қолға алынып келеді. Өсіп келе жатқан ұрпақтың жадына жастайынан денсаулықтың қадірін білуді, өз денсаулықтарына үлкен жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруымыз керек.
Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы, өмірдегі баға жетпес құндылық, ең басты байлық. Адам өмірінде денсаулықтың орны бөлек, әрі ерекше. Байлығымыз асып – тасып жатқанымен, денсаулығымыз жоқ болса, байлықтың не керегі бар?
Қазіргі кезде елімізде халықтың денсаулығын нығайту жолында біршама шаруалар атқарылып, үкімет осы салаға ерекше көңіл бөліп отыр.
Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.
Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.