1. " Жаһандану " дегеніміз - бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы.
2. Мысалы, біз европаша киінеміз, корейдің фунчозасынсыз той өткізбейміз, жапонның сушиын жейміз, батыс әндерін тыңдап, киноларын көреміз, және махаббат күнін тойлаймыз, фейсбукқа тіркелеміз сол сияқты. Бұлар барлық елдерге ортақ үрдіс бола бастады.
3. Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу.
4. Біріншіден, жаппай жаһанданданудың кесірінен бай және кедей мемлекеттердің арасындағы теңсіздік үлкейіп жатыр. Оның себебі өндірістен келген кірістін көп бөлігі бай мемлекеттердің қазанасына барып, өндірістің өзі кедей мемлекеттерде орын алса да, олар кірістен келген қаржының аз ғана бөлігіне ие болады. Екіншіден, дамыған әрі дамымаған мемлекеттердің бастапқы приоритет экологиядан экономикаға өтеді.
Кейіпкер: Кенжебек
Шығармадан үзінді: "Жас бала айшылық алыс жолдан барымтаға түскен қыпшақ жылқысымен қоса айдалып келген. Түрікпен Әмударияны бетке алып, Сыр бойы қыпшақтан алған қалың жылқыны дүркірете қуып, күн-түн жортқан ат үстіндегі сергелдең он бір жасар оғланды дереу есейтіп тастамаса да, қапелімде азат басына түскен қыл бұғауды тосырқап..." немесе
"Қыпшақ ұлдың дауысы күн күркіреп, аспан қарс айырылғаннан бетер дүйім елді селк еткізген. Ізінше әлгі өктем үн жарық дүниеге жарықшақ түсіріп, астан-кестен, алай-түлей қылды... Бәйгеге шапқанда қыпшақ нәсілі қалған жиырма тоғыз оғыз баладан еш айырмашылығы жоқ еді. Ұран салған соң қаршығадай ұл басындағы жалбыр бөркін жұлып алып, жерге лақтырды."
Мінез ерекшелігі: Ержүрек, өжет, намысшыл, ақылды, алайда күмәндәнуі көп.
Жинақтау/даралау: Кенжебек қиын, әрі қауіпті жағдайға тап болса да, дес бермей ұран сала қорғанды. Өкінішке орай, жау қолына ұсталды. Алайда бұған да мойымай бостандық үшін күресті. Әрине күдік пен қорқыныш сезімі бар, бірақ ол бұны да жеңе білді.
Кейіпкер: Тасқұл
Шығармадан үзінді: "Шал анадан қайта туғандай күрт өзгеріп, құшырланып сала берді. Тұйық судай тұнжырап тұратын шегір көзіне от толып, жасынша жарқ етті. Бала қарт жылқышының оқыс өзгерген мынау мінезін әсіре атқұмарлығынан деп ұққан."
Мінез ерекшелігі: Мұңлы, өз ісіне адал, данагөй, ақылшы, үрейі бар.
Жинақтау/даралау: Тасқұл шал мен Кенжебек тағдырлары ұқсас, екі бөлек заманның адамдары болса да. Тасқұл бұл жерде дұрыс жол сілтеуші рөлінде шығады. Ол өте байсалды, ақылды кісі. Алайда ол Кенжебекке қарағанда, "темірді қызған кезде соқпады". Сондықтан құл болуға мәжбүр болды. Бірақ Тасқұл қартсыз Кенжебекте мәңгіге құл болып қалатын еді. Бұл әңгімеде Тасқұл ол "тарих" есебінде, өйткені ата-бабамыздың іс-әрекеті мен қателіктерінен сабақ аламыз. Ал Кенжебек ол "болашақ".
Объяснение:
могу ошибаться. потому что полностью произведение не прочла, да и не прочту.
Дәрумендер туралы.
Әрбір адам мүмкіндігінше дәрумендерді пайдаланынп тұрғаны дұрыс, маусым арасында адам ағзасы дәрумендерді аса көп қажет етеді. Мүмкіндігінше табиғи дәрумендерді қолданған дұрыс. Табиғи дәрумен дегеніміз – жеміс – жидек, көкөністер. Дегенмен, оларды қолданған кезде де маусымына қарай пісетіндерін қолдану керек. Жеміс-жидек пен көкөністер әрқайсысында өздеріне тән, ерекше дәрумендері болады. Бірінің құрамында С витамині басым болса, енді екіншісі А витаминіне бай, басқасы асқазанға, жүрек жұмысына, ас қорытуға т.б. пайдалы. Біздің үйімізде маусымына байланысты түрлі жеміс тер көкөністер жиі қолданылады.
Әр түрлі көкөністер, жеміс - жидектер мен тағамдардың құрамында өздеріне тән ерекше дәрумендері болады. Маусымарасында ағзамызға дәрумендер жетіспеген уақытта қажетті көкөніс немесе тағамды пайдалану арқылы ағзамызды дәрумендермен байыта аламыз. Сонымен қатар, айта кететін бір жайт - қазақ халқының сүт тағамдары дәрумендерге ерекше бай. Мысалға, ұлттық сусын қымыздың бір литрінде 200-260 мг С дәрумені бар екен. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобындағы В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені және ағзадағы тотығу-тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, сондай-ақ, А тобы дәрумендері кездеседі.