Сәлеметсіз бе құрметті ата, әже,! Сізге хат жазып отырған немереңіз Дамир . Ата, әже қалдарыңыз, денсаулықтарыңыз қалай? Біздің қалымыз, денсаулығымыз жақсы.Менің оқуым жақсы.Әкем мен анам жұмыста.Сіздерді қатты сағындым.Бізге қонаққа келіңіздер. Сау болыңыздар.
Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады. Ит тамағы үшін жүгіреді. Құс тамағы үшін ұшады. Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады. Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді. Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға. Құс баласы қырымға қарайды. Қаршыға ілген қазға сын. Қаршығалыға қоян кездеспейді, Жарақтыға жау жолықпайды. Жарқанатқа жарықтан қараңғы артық. Қаз келсе, жаз келер, Қарға келсе, қатқақ келер. Шағала келмей жаз болмас, Шаңқан келмей, боз болмас. Жапалақ мақтанса, Жардан қоян алдым дер. Жаман мақтанса, Жақсының жағасынан алдым дер. Қарға қарғаның көзін шұқымас.
Асқа бармайды,Аспаздан қалмайды. (Отгадка:Кепсер) Басы ұяда,Қүйрығы қияда. (Отгадка:Шөміш) Сүбелі, бүйірі бар, қабырға жоқ,Жүреді екі қолымен омыртқа жоқ,Ал өзі өмір бойы жер баспайды,Бақай, тірсек, тілерсек, тобық та жоқ. (Отгадка:Оқтау) Өзі -жаңа,Өзі -тесік. (Отгадка:Елеуіш) Үйге біткен бәйтерек,Жапырағы жыртық терек.Жапырағы жыртық болса да,Бәйбішеге сол керек. (Отгадка:Eлгезер)