КӨКТЕМ ТАҢЫ(стих про весну)
Бар әлем сүйіп ұнатқан,
Шапағат нұрын шұбатқан,
Қаймықпай шыққан жайраңдап,
Қыстайғы суық-сынақтан,
Көктем таңы бұл атқан.
Әуені кетпес құлақтан,
Бұлбұлдың әнін жырлатқан,
Тараштап шашты сипаған,
Самалы ескен қыр жақтан,
Көктем таңы бұл атқан.
Қозылар өріп қыраттан,
Су ішкен мөлдір бұлақтан.
Ат мініп бір-бір шабатын,
Бойшаңдау өскен құрақтан,
Көктем таңы бұл атқан.
Еңбектің әні оятқан,
Даланы көкке боятқан,
Шұрқырап шүйгін шалғында
Жусаған мал да тояттан,
Көктем таңы бұл атқан.
Жапырақ жайған бұтақтан
Қауызын жарып бүр атқан,
Өргізіп құстар балапан,
Бөктерге күнгей шұбатқан.
Көктем таңы бұл атқан.
Көкорай ғажап бар аймақ,
Бүр жарған гүлдер орайлап,
Нөсерлеп жаңбыр жауатын,
Күркіреп аспан, жай ойнап,
Көктем таңы арайлы-ақ.
-Ассалаумағалейкүм Айдос
-уағалейкүмассалам бауырым
-қайда барасың ?
-Абай атамыздың 175 жылдығына арналған мүзейде өтетін салтанатты кешке бара жатырмын.
-Охо,мен барсам болама?
-Әрине,досым жүр кеттік.Саған Абай атамыздың ерекшелігі туралы айтып берейін жол қысқарсын.
Абай атамыз данышпан ,ойшыл,ұлы ақын болған.Өлең ді бар жүрегімен сезініп,халыққа паш еткен.Өлең шығарғанды жанынан артық жақсы көрген."Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы"тіпті оны мына сөзінен аңғаруға болады.Ән ол жүрегіңді тебірентіп,бойды жылытатын керемет әлем деседі.
жынды---ақыл есі кем
қырт--көп сөйлейтін адам