Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.
Қыздың жолы
Біздің қазақ «қыздың жолы жіңішке» деп айтады. Иә, қыздың жолы жіңішке де, ауыр болып келеді. Себебі, қазақ тәрбиесіндегі қыз баласының бойында артық жүріс-тұрысы болмау керек. Қыз баласына аяғын аспанға көтеруге, аузын ашып айқайлап күлуге болмайды. Кіндігін көрсетіп, денесін жалаңаштау сияқты іс-әрекеттер оғаш қылықтарға жатады. Қыз болып жаратылған соң, өзіңді ұқыпты ұстап, ізетті, ибалы, сабырлы болу керексің. Әйтпесе, сен ата-анаңның атына кір келтіресің.
Сол жіңішке ғана жолмен келе жатқан қыз, ертең бір шаңырақтың келіні болып шыға келеді. Бөтен біреудің шаңырағына судай сіңіп, тастай батудың өзі – ауырдың ауыры. Әрине, айтқанға оңай. Ата-енеңнің қабағына қарай, өскенше баққан әке-шешеңді де ойлай ортада тепе-теңдікті сақтау керексің. Мұнда қыздың дәурені аяқталып, келіннің міндетін атқарасың. Сол шаңырақты өз үйіңдей қабылдап, ата-енені екінші әке-шешеңдей көресің. Осылай бәрінің көңілінен шығуға тырысып жүргенде, күндердің күнінде Ана атанасың. Бұл ең үлкен жауапкершіліктің бірі. Сол балаң үшін жақсы ана, жақсы дос, жақсы тәрбиеші болу керексің. Баланы дұрыс тәрбиелеп, оны бағып-қағу сенің мойныңда болады. Кез келген бала үшін ең жақын адам – Анасы. Сол балаң үшін отқа да талай түсерсің. Бала ер жетіп, өз таңдауын жасап, мінез көрсеткенде де бар сұрау анадан болады. Балаңмен бірге мың өле, мың тіріле солардың қамымен болашақ өмірлеріне араласа кетесің. Бір күні қызыңды қияға, ұлыңды ұясына қондырасың. Сол кездегі байғұс Ананың толқулары, уайымдары, баласы үшін шырылдаған жүректері-ай десеңші!
Міне, осылай қыз болып дүниеге келген сен тар жол, тайғақ кешумен басыңды тік көтере мына қысқа қана ғұмырмен арпалысқа түсесің. Қыз бала әйел атанып, ана болып, көптеген жауапкершіліктерді мойнына алып, өмірдің бар ағысы тек өзіңнен басталатынын сезесің.
Қазақ жерінде ең алғашқы мектептердің оқушыларынды мектеп формасы деген ұғым болмаған.
Кеңестер Одағында, оның ішінде Ресей мемлекетінде 1918 жылы оқушының оқушы екендігін білдіретін арнайы мектеп формасы бекітілді.
Уақыт өте келе мектеп оқушылары қоңыр түсті көйлектер мен фартук киіп, алмалы-салмалы жағалар тағып жүретін болған. Қыз балалар мереке күндері қоңыр түсті көйлек пен ақ фартук, ал қарапайым күндері қара фартук киіп, бастарына бантик байлаған