Қозы көрпеш - Баян сұлу кесенесі.
Қозы көрпеш – Баян сұлу мазары – 10 – 11 ғасырларда тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші.
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылына таяу, Аягөз өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Мазар туралы алғаш жазған академик И.П. Фальк (1771). 19 ғасырдың 30-жылдары В.Федоров, 40-жылдары А.И. Шренк, Ш.Уәлиханов (1856), Н.А. Абрамов (1858), М.Путинцев (1863), Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетек. Ә.Марғұлан) зерттеген (1952).
Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде (сырт жағынан аудаы 7,107,10 метр, ішкі жағынан 3,383,38 метр), жоғары қарай сүйірленіп, күмбезделіп өрілген, биіктігі 11,65 метр Еденінен күмбезіне дейінгі биіктігі 4,35 метр Қабырғасы гранит қалақ тастан сабан аралас балшықпен қаланған, қалыңдығы 1,86 метр Кірер есігі шығысқа қаратылған. Қозы көрпеш – Баян сұлу мазарының жанында төрт тас мүсін болған. Олардың нобайын 1771 жылы Г.Волошин, 1856 жылы Ш.Уәлиханов қағаз бетіне түсірген. Тас мүсіндерде үш әйел мен бір ер адам бейнеленген. Халық арасындағы аңыз бойынша, үш әйелдің бірі – Баян сұлу, екіншісі – сіңлісі Айғыз, үшіншісі – апасы Айтаңсық; ер адам – Қозы болса керек.
Қазір бұл тас мүсіндер жоғалып кеткен. А.Н. Белослюдовтың мәліметіне қарағанда, екі тас мүсін Германияға әкетілген. Ел ішіндегі аңыз-әңгімеде Қозы көрпеш – Баян сұлу мазарын және оның жанындағы тас мүсіндерді Сарыбайдың інісі Тайлақ би жасатқан деп айтылады.
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы , жаңашыл педагог , жазушы әрі қоғам қайраткері. Белгілі ақын Ғафу Қайырбеков Ыбырайға «Дала қоңырауы» деп баға бергені бәрімізге мәлім . Ыбырай атамыздың сол кездегі мектеп ашу ісі , алғашқы оқулық , қазақ даласында қоңырау болып соғылып , жастарды: Бір Аллаға сиынып, Кел балалар , оқылық – деп білімге шақырды . Кеңес дәуірі тұсында бәрі түгенделмесе де , кей қазақ зиялыларының өмірбаяндық деректері , шынайы шығармалары мектептерде , жоғарғы оқу орындарында оқытылды . Сапасы , мазмұны жөнінде әңгіме бөлек , әрине. Алашта Алтынсарин десе алаңдамайтын қандастар жоқ шығар , сірә.
Егер мен ғалым болсам...
Бір сәт қиялға беріліп, армандап көрейікші... Егер мен ғалым болсам, қайтер едім? Әрине, қазіргі таңда қоғамымызда түрлі салаларда шешімі табылмаған мәселелер жеткілікті, ал мен ғалым болсам, олардың барлығын шешпесем де, дегенмен, өз үлесімді қоссам деймін. Мәселен, мен мектепті ойдағыдай аяқтап, еліміздегі беделді оқу орындарының бірі - С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне оқуға түсуді армандаймын. Бұл мені болашақта ғалым болуға бір қадам жақындатады. Аталған оқу орнын ойдағыдай тәмамдап, білімімді шетелде шыңдап, одан кейін елге оралып, медицина саласын дамытқым келеді. Атап айтқанда, ғалым болсам, қазіргі таңда белең алып отырған ауру – қатерлі ісікті емдеп, жазуға өз үлесімді қосқым келеді. Яғни ғылыми жаңалық ашып, осы салада бар білгенімді қолданғым келеді. Ғалым болып, ғылыми еңбек жазып, түрлі тәжірибелік жұмыстар жүргізген соң, еңбегіңнің елеңгенің, халыққа пайдасы тигенін қалайсың. Сонымен қатар, ғалым болсам, алыс – жақын шетелдегі әріптестермен біріге отырып, түрлі ғылыми іс – тәжірибелер өткізіп, медицина саласында түрлі жаңалық ашқым келеді. Әрине, әзірге бұл тек арман ғана, бірақ осы арманым орындалу үшін мен сабақты жақсы оқуым керек.