М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Mapгарuтa
Mapгарuтa
01.06.2022 06:03 •  Қазақ тiлi

Көп нүктенің орнына есімшелердің жұрнақтарын қойып жазыңдар. 1. абай жастарды оқуға шақ 2. ыбырай алғаш мектеп 3. оспан жауабын 4) әлия кітап оқуды сү 5. ол ақшасын жиі 6. әкім жиналыс өткі

👇
Ответ:
irko00
irko00
01.06.2022
1.шақырды.2.ашты.3.берді.4.сүйеді.5.санайды.6.өткізді
дурыс болса
4,4(57 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
00Alcatraz00
00Alcatraz00
01.06.2022
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті. Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті. Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, а алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: - Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті. -Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. - Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.
4,7(25 оценок)
Ответ:
S1mplendnnd
S1mplendnnd
01.06.2022

Таза ауа–денсаулық кепілі. Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады.Ауа мөлдір түссіз.Ауаның пішіні жоқ. Ең алдымен ауадағы оттегі өкпеге барады, ол бүкіл ағзаға тарайды. Зиянды заттармен тыныс алған адам тез шаршайды.  Ол әр түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін. Адам жақсы демалуы үшін оған таза ауа қажет. Теңіз жағалауында, орман ішінде таза ауа болады. Ауаға зиян келтіретін экологиялық жағдайлар болады.

Ал жер бетіндегі ауа құрамында денсаулыққа зиянды қоспалар араласып жүреді. Әсіресе  өндірістік қалаларда ауа көп ластанады. Ауаның тазалығын сақтауы үшін ірі кәсіп орындар фабрика, зауыттар, жылу орталықтарының моржаларына қондырғылар орнатылады.Бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде ұлы заттарды бөліп шығарады. Айналадағы ауаның тазалығын сақтауда көгалдандыруды маңызы зор.

Өсімдік ауа құрамындағы көмірқышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып оның орнына оттегі бөліп шығарады. Әр адам жасыл өсімдіктерді отырғызуға атсалысуы керек.

      Экологиялық жағдайлар

Табиғаттың әр – түрлі құбылыстар болады. Мысалы, отын жанғанда, завод, фабрикалар жұмыс істеп тұрғанда аз мөлшерде кездейсоқ газдар ауаға таралуы мүмкін. Ал көмір бензин және т.б. отындар толық жанбаса ауаға  күйе, иіс газы, тағы басқа газдар таралады. Көліктерді  қозғалтқыштары да ауаға  улы газдар таратады, бұл газдар да қоршаған ортаның бүлінуіне әкеліп соғады. Кез-келген жерге қоқыс тастау. Бұлардың барлығы ауаны ластайды. Ауаны ластанудан сақтау. Кез-келген жерге қоқыс тастамау. Табиғатқа көгалдандыру жұмыстарын жүргізу. Өсімдіктермен  жан –жануарларды қорғауымыз керек.

4,6(5 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ