М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
кира650
кира650
25.01.2020 12:34 •  Қазақ тiлi

Абрикос как переводится на казахский?

👇
Ответ:
petia2006
petia2006
25.01.2020
Орiк надеюсь и там спец буква о
4,8(75 оценок)
Ответ:
Dimka3113
Dimka3113
25.01.2020
Өрік өрік өрік өрік өрік өрік өрік
4,6(56 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
doganbcat999
doganbcat999
25.01.2020

Қару – соғыс кезінде жаудың әскери күшін жою үшін қолданылатын жарақтар мен қондырғылар. Алғаш аңшылықта қолданылатын қорғану және шабуыл құралы ретінде пайда болып, кейін қарулы соғыс жүргізу құралына айналды. Қаруды жүйелеудің әр халықта қалыптасқан дәстүрі бар, ал тұрақты қалыптасқан ғылыми жүйелеу бойынша әскери шабуыл құралдары жауынгердің жеке қаруына және соғыс жағдайында бірнеше адамның қызметін қажет ететін үлкен әскери қаруларға (түрлі қондырғылар, әскери машиналар, т.б.) бөлінеді. Жұмсалу тәсіліне қарай адамның дене күшін пайдалану арқылы қолданылатын суық қаруға және оқ-дәрінің күшін пайдаланатын атыс қаруына бөлінеді. Құралымына, жасалатын материалына, жарақат салу тәсілдеріне, қызметіне, жасалу әдісіне қарай ерекшеленетін жауынгерлік қарудың көптеген түрлері бар. Қазақтардың дәстүрлі қару-жарақ жүйесінде жауынгердің жеке қаруы “ер қаруы” деп аталады. Қазақтар жарақат салу тәсіліне сәйкес ер қаруының негізгі бес түрін (ату, кесу, шабу, түйреу, соғу) айырады. Атыс қаруы пайда болып, оның жетілуі барысында 19 ғасырдан бастап соғыс әдістері күрт өзгеріп, дәстүрлі суық қару қолданыстан шығып қалды. 20 ғасырда ғылым мен техниканың дамуына қарай қарудың, әскери техниканың жаңа түрлері, бактериологиялық, химиялық, атомдық, ғарыштық, т.б. жаппай қырып-жою түрлері пайда болды.[1]

4,8(35 оценок)
Ответ:
Наргиз1ппп
Наргиз1ппп
25.01.2020
Қарадан бір-ақ тусайшы-
Артымыздан біздердің 
Ақырып теңдік сұрарға
Махамбет

Махамбет өзінен бұрын ғұмыр кешкен Асан Қайғы , Доспамбет жырау , Шалкиіз ақын т.б. шығармаларын арқау ете отырып ауызша шығармашылыққа ден қойды. Даланың батыр – сайыпкерлері бір мезгілде әрі өлең құрастырушы, әрі поэтикалық жыршы да бола білген. Халық осы сарбаздарды, ақындарды, композиторларды, ойшылдарды жақсы көрді. Осы дәстүрді жалғастыра отырып Махамбет толығымен дала серісінің үлгісіне сәйкес келді. Ол тек сарбаз – ақын ғана емес, өз шығармаларын орындаушы да болды. Өзінің алдындағы поэтикалық дәстүр сабақтастығымен бірге, Махамбет музикасының ғұмыр кешкен дәуірге әрі өзінің жеке басына байланысты қайталанбас та жеке – дара ерекшеліктері бар. Дәстүрлік пен сыр – сипаттың қос бірлігі дала жыршысы шығармашылығының өзегіне айналды. Махамбеттің барлық жырлары даралығына қарамастан, ортақ рухпен, көркем мазмұнмен өрнектелген. Махамбеттің жырларында эпос, драма мен лирика бір – бірін алмастырып қана қоймай, өзара жымдасып жатады.Ақын шығармаларының тақырыбы әр жырының тұтастығын, гармониялық бірлігін сипаттайды. Таным мен сипаттың осы мән – мағынасы Махамбетке жалпы түрде адамдардың әлеуметтік мінез – құлқының сыртқы күштерге, ішкі жан дүниеге қатысты, сондай – ақ ойы мен көңіл күйінде айналшықтап отырады. Махамбет жырларындағы кейіпкерлер кездейсоқ емес, ол сол дәуірдің шынайы қажеттілігінен, әр түрлі әлеуметтік мүдделердің қарсы тұруынан туындаған. Махамбет өзінің болмыс – бітімін ең алдымен ел мүддесіне қызмет етуге бағытталған ер – сарбаз ретінде тиянақтаған. Махамбеттің жыр-жебелерінің тақырыбымен айқындалған әлеуметтік сипатта, әрине, жан-жақты һәм күрделі де, шым-шытырық қоғамдық байланыстар мен қатынастарға бойлау басым. 
Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. «Мұнар күн» жырында ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақтың баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында.Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы - Исатай Тайманұлы. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды.Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арналған өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды.
Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн, жағынан байыта, жетілдіре түсті. Лирикалық өлеңдері көбіне толғау, жыр, терме түрінде жазылды. Исатайға арналған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым. Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті. Ақын жырлары орыс, араб, парсы сөздерінің көп кездесіп, шағатай тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Ол жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты.Махамбет ақындығына қатар шебер күйші болды. Оның 11 күйі 1982 жылы «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді.
Махамбет - көшпелiлер өркениетiнiң осынау жарық дүниемен шырқырап қоштасқан соңғы үнi. Жалына қол тигiзбейтiн көшпелiлердiң қыл сағағын тарих тұзағы қылғындырған сәтте асау рухы Махамбет болып тұяқ серiпкендей. Қазақты ұлт ретiнде даралап, тарих сахнасына шығарған көшпелiлер мәдениетiнiң буырқанып келiп жартасты соққан ақжал толқыны Махамбет сияқты.
4,6(72 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ