«Тәуелсіздік» ұғымы кімнің болмасын бойында мақтаныш сезімін оятып, ұлтжандылыққа жетелейтіні анық. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз, әрбір адам кеудесін көтеріп, мақтанып айтатын қасиетті ұғым. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
Сонау ата-бабаларымыздың, аға-апайларымыздың рухын таптамас үшін, кейінгі ұрпақ тыныш елде мекен етсін деп ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған жер үшін, атамекен ел үшін еңбектерін, төккен терлерін зая кетірмес үшін біз өз Тәуелсіздігімізді мықты әрі берік етіп сақтау - біз үшін міндет.
Сондықтан Сіздерге тілерім - Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын! Желтоқсанның ызғарлы желі енді соқпасын! Бейбіт заманда өмір сүріп, аспанымыз әрқашан ашық болсын! Бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүріп, еркіндігімізді сақтайық! Еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсейік! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын!
Өмірге келегеннен кейін жақсы сүру керек, жолыңыз болмай сүрініп жатсаңыз бәрін өмірге апарып өмірге итере салу ақымақтық болады, бірақ өмір ешқашан аямайды. Өмірдің теңізінде ескекті қайықта жүріп толқындарда аударылып қалсақ немесе ескегіңнен айрылып жүзе алмай қаласаң қолдау керек сондықтан дос таба білу керек және сол досыңмен өмір соңына дейін мәңгі болуға тырысу керек. Өмірді мен былай сипаттайм: Өмір ағыны қатты асау өзен кері ақпайды, күшті толқындарға қарсы тұра алмасаң жағаға шығарып тастайды, қарсы жүзуге қауқар бермейді.
Бұл - жаңа заманауи бағытта жасалған сегіз бөлмелі уйлердің бірі. Қазіргі заман талабына сай жаңа үлгілер мен жаңа құралдарды пайдалану барысында салынған. Сіздер менің үйімнен жаңа көріністерді де көре аласыздар. Қарапайым қызыл кірпіштерден жасалған. Екі қабатты, қазіргі заманауи үлгідегі жабдықтармен жабдықталған. Ауласында жеміске толы бақша ағаштары, көгал алаңдары, жүгіру жолы және үйді қоршаған үлкен қоршаулар орнатылған. Үлкен балкон, демалуға арналған бассейн, джакузи, және спортпен айналысуға қолайлы жерлер бар. Махаббаттың символы екі аққудың ортасында субұрқақ тұрғаны да көздің жауын алады. Айналасында үлкен жарық түсіріп тұратын фонарлар орнатылған. Біздің үйіміздің кіре берісінде үлкен баспалдақ орнатылған. Әрбір бөлменің өзіндік дизайны бар. Басқа да бөлмелерден ерекше бөлме – үлкен қонақ бөлмесі. Қосымша жеке ойын бөлмесі де бар. Оның ішінде бильярд, компьютер ойнауға және үлкен 3Д форматында көрінетін кинолары мен мултьсериялдар көруге де болады. Астанада «Болашақ энергиясы» ұранымен өтетін ЭКСПО 2017 көрмесі адамның күнделікті тұрмыс-ахуалын айқындайтын фактор ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін энергия болып табылады.
"Тәуелсіздік - тұғырым" шығарма.