Бауыржан момышұлының келіні зейнеп ахметоваға айтқан нақыл сөздерін оқы. осы нақыл сөздер туралы өз ойларыңды айтып, ой бөлісіңдер. етістік райларын түріне қарай ажырат.
Ол өзі туралы ешқашан ойламайды, өзгенің көңілін табуға дайын тұрады. Заманымыздың өзге қалталыларындай тапқан таянғанын қара басының игілігіне ғана жұмсамайды. Ойлайтыны әл- ахуалы төмен, от басында науқас жандары бар от басыларына көмек көрсету. Жетім балаларға қатты жаны ашиды. Бүгінгі таңда өз балаларынан басқа 8 сәбидің әкесі, барлығын жетім балалар үйінен алып, тәрбиелеуде. Ол Ақтөбе қаласының тумасы, ол туралы көпшілік біле бермейді, тек көмегі тиген жанұялар оның амандығын тілеп, алғысын айтады. Рахмет, саған мейірімді адам.
Берілген сөздердің антонимдері:
өткір – дөкір/өтпес (ауыспалы мағынада «өткір» болса, антонимі: жасық болады);
айбынды-қорқақ;
батыр – сужүрек;
күшті - әлсіз;
қос - бөлек/біреу;
солғын – балғын;
бірлік – алауыздық.
Берілген сөздердің синонимдері:
Өткір – үшкір (ауыспалы мағынада болса, батыл, бетті, жүректі, өжет, өр, өтті, тәуекелшіл);
Айбынды – айбарлы, айбатты, айдынды;
Батыр - ер, қаһарман;
Күшті - әлді, әлуетті, белді, жігерлі, қабырғалы, қажырлы, қайратты, қарулы, қарымды, қауқарлы, қуатты, құдіретті, мелжемді, мықты;
Қос - екі, жұп; сыңар;
Солғын - бәсең, көмескі, нәзік;
Бірлік - ауызбіршілік, бүтіндік, ұжым, ұйымшылдық, ынтымақ.