— Омар мырза, 7 жыл бұрын өмірімде үлкен өзгеріс болды дедіңіз. Ол қандай өзгеріс?
- Дастан арбамен биден әлемнің бірнеше елінде параолимпиадалық жарысқа қатысқан. Ол маған осы би туралы айтып, суреттерін көрсетті. Арбада билеген маған ұнай бастады. Еліміздің түкпір-түкпіріне жарысқа бардым.
- Қандай жетістіктеріңіз бар?
— Алматы, Қарағанды, Қостанай, Шымкент, Қызылорда тағы басқа қалаларда би байқауына қатысып, басында мадақтама қағаздарын, кейін үшінші орын, сосын бірінші орын алдым.
– Сонда арбамен билеп бастағаннан кейін өзіңізге деген сенімділік пайда болды ғой, ә?
Арбамен билеу өміріме мән берді.
— Иә, мүмкін екі аяқта тік тұрсам, жүре алсам, бұлай билей алмас па едім?
— Кім жаттықтырады?
— Хореограф Әлия Майданова жаттықтырады, би үйретеді. Екеуміз қойылым қоямыз.
– Омар, алған бетіңізден қайтпай, биік белестерді бағындыруыңызға тілектеспіз. Сізге сенеміз. Екеуміздің сұхбатымыз үйде арбада отырған жас буынның да сенімін, үміт отын оятар деп ойлаймын.
– Рақмет!
Ахмет Байтұрсынұлы туралы диалог құрастыру.
Еркебұлан: Жақын арада мектебімізге Ахмет Байтұрсынұлының аты беріледі екен. Соны естідің бе? Жалпы, көзқарасың қалай?
Ақтілек: Жоқ, естімеппін. Бұл өте жағымды жаңалық қой. Мен бұл іске тек қуанышты боламын. Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт мақтанышы ғой.
Еркебұлан: Ия, мен де сенімен толықтай келісемін. Бұл кісі тек әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, қоғам қайраткері, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі ғана емес, сонымен қатар қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы ғой. Мектебіміздің беделі тек арта түседі деп есептеймін.
Ақтілек: Ия, әттең, қазағымның көрнекті қоғам қайраткерлері репрессия құрбандары болып кетті, әйтпегенде халыққа берері мол еді…
Еркебұлан: Әдебиет сабағында А. Байтұрсынұлы барлық қазақ тілінде қолданылмайтын араб әріптерін алып тастап, қазақ тіліне тән әріптерді қосып, «Жаңа Емле» атты бұл әліппе әлі күнге дейін Қытай, Афганистан, Иранда тұратын қазақтармен қолданылатынын оқып едік.
Ақтілек: Ия, достым. Қазақ тіл білімінің, оның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, алдымен Ахмет Байтұрсынұлының есімі ойымызға оралатыны сөзсіз.