Әдеби әлемнің танымал туындылары оқырманына дәуірдің тыныс-тіршілігі мен тарихи кезеңдері, әлеуметтік теңсіздік пен қоғамдық құндылықтар, сондай-ақ автордың тебіреністері жайында сыр шертеді. Абайдың ұлы поэзиясы, Толстойдың тарихи прозасы, Ибсенның новаторлық драматургиясы біз үшін өткен күндердің картинасын құруға және де сол заманның әлеуметтік санасына кіріп кетуге мүмкіндік береді. Әрине, бұның барлығы да әдебиеттің құдіретті күші. Ол бізге шетел асып, шекараны бұзуға көмектеседі: түрік әлеміне жақын боламын десең, Памуктың романдары, ал үндістердің өмірімен танысамын десең, Рушдидың прозасы бар. Алайда, жазушы болу — үлкен жауапкершілік, әрі кез келгеннің қолынан келе бермейтін өнер. Содан болар, қазіргі жазушылардың көтерген әдеби жүктерінің ауырлығы соншалық, посткеңестік кеңістікте ұлттық проза кенжелеп, жазушы деген атақ құнсызданып бара жатқандай...
Қазақта ұлы ақындар өте көп. Тиісінше кітаптардың да санына шек жетпес. Əрбір адам ұлы тұлғалардың кем дегенде бір кітабын оқуы тиіс! Менің сүйікті кітабым-Абай жолы (Путь Абая). Бұл кітап тек менің ғана емес барша қазақтың сүйікті кітабы деп ойлаймын.Бұл кітаптың авторы-Мұхтар Əуезов. Ол Абай туралы көптеген мəліметтер жинақтаған.