Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы — БҰҰ-ның басты органдарының бірі. БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығы тең құқылы түрде Бас Ассамблеяны (БА) құрайды. Мүшелерінің әрқайсысы 1 дауыс қана иеленіп, делегаттар мәжіліс залына мемлекеттердің ағылшын тіліндегі ресми атауына орай алфавиттік ретпен жайғасады. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес, Ассамблея халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау ісіндегі ынтымақтастықтың ортақ қағидаларын талқылауға, сондай-ақ бүкіл мәселе бойынша мүдделі мемлекеттерге және Қауіпсіздік Кеңесіне нақты ұсыныстар жасауға уәкілетті. Қандай да болмасын, әрекет жасауды қажет ететін істің кез келгенін талқылаған соң немесе талқыламай-ақ ол істі Қауіпсіздік Кеңесіне жолдай алады. Сонымен қатар халықар. бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін ахуалды Қауіпсіздік Кеңесінің қаперіне салуға құқы бар (БҰҰ жарғысы, 11 және 13-бап). Осы баптарға сәйкес, Бас Ассамблея экономикасы, әлеуметтік саладағы, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау аясындағы халықаралық ынтымақтастықты өрістетіп, адам құқылары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатымен, сондай-ақ халықаралық құқықтың прогрессивті даму бағытында зерттеулер жүргізіп, нұсқаулар береді. Халықтар арасындағы ортақ игіліктер мен достық қарым-қатынастарға нұқсан келтіруі ықтимал шараларды жоюды ұсынады. Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің және БҰҰ-ның басқа да органдарының жыл сайынғы, арнайы баяндамаларын талқылауға, БҰҰ бюджетін қарап, бекітуге міндетті; сонымен қатар, мамандандырылған мекемелер арасындағы қаржылық және бюджеттік келісімдерді бекітеді. Бас Ассамблеяның (Жарғының 18-бабында атап көрсетілген) маңызды мәселелер бойынша шешімдері мәжіліске қатысушы әрі дауыс беруші мүшелерінің үштен екісінің басым көпшілігінің даусымен қабылданады. Өзге мәселелер жөніндегі, әсіресе, процедуралық шараларға қатысты шешімдер кәдуілгі басым көпшілік дауыспен қабылдана береді. Шешімдерді қабылдау үшін Ассамблеяға БҰҰ-ның барлық мүшелерінің кемінде жартысы қатысуы шарт. Бас Ассамблея жыл сайын (әдетте, қыркүйектің алғашқы сейсенбісінде) кезекті және арнайы сессияларын өткізеді. Арнайы сессияларды Қауіпсіздік Комитетінің, БҰҰ-на мүше елдердің көпшілігінің талап етуіне орай немесе БҰҰ-на мүше бір елдің (егер оны қалған мүшелердің кемінде жартысы қолдаса) талап етуі бойынша Бас Хатшы шақырады. Әр сессияда төраға (Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүшелердің төрағасы сессия төрағалығына сайлана алмайды) және оның 21 орынбасары сайланады. Бұған қоса екі процедуралық к-т құралады; құрамына сессия төрағасы, оның орынбасарлары және Ассамблеяның негізгі 7 к-тінің төрағалары енетін Бас комитет пленарлық мәжілістің күн тәртібін әзірлеумен, қаралатын мәселелер кезегін белгілеумен, Бас Ассамблеяның барлық к-терінің қызметін үйлестірумен, ал екінші к-т уәкілеттіліктерді тексерумен айналысады. Бас Ассамблеячның негізгі 7 к-тінің мынадай міндеттері бар: Бірінші к-т саяси мәселелермен және қарусыздануды қоса алғанда, қауіпсіздік мәселелерімен; Арнаулы саяси к-т Бірінші к-тке қатысты мәселелермен; Екінші к-т экон. және қаржы мәселелерімен; Үшінші к-т әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени мәселелермен, Төртінші к-т қамқорлық және өзін-өзі басқара алмайтын терр-ларға жәрдемдесу мәселелерімен; Бесінші к-т әкімш. және оның қаржы мәселелерімен, Алтыншы к-т құқықтық мәселелерімен айналысады. Сонымен қатар, Ассамблеяның үш жылға тұрақты сайланатын әкімшілік, қаржы мәселелер жөніндегі консультативтік және Жарналар жөніндегі к-ті бар. Бас Ассамблея өзінің қызметтік міндетін толық жүзеге асыруға ықпал ете алатын басқа да қосымша органдарды құру мүмкіндігіне ие.[1]
Турбо-страница
Вы находитесь на странице, адаптированной
ответ:Қазақ халқының ең жақсы көретін тағамдарының бірі — ет. Сіздерге еттен жасалатын тағамның бірнеше түрін ұсынамыз. Олардың тағамдық құндылығы өте жоғары.Еттен жасалған тағамдардың ішінде қазы ерекше орын алады. Қазы - жылқының өз iшегiне айналдырып тығылған сүбе қабырғалар. Қазы майының қалыңдығына байланысты кере қазы, дөңбек қазы, шынтақ қазы, бұлт қазы деп бөлінеді. Ішекке сыймағанын телшік деп атайды. Қазыны көбіне қысқа сақтайды, қазы сүрленген сайын дәмді болады. Жылқы етінің ең кәделі мүшелерінің бірі – жал. Ол жылқының шоқтығы мен ауыз омыртқасының арасында, мойын омыртқаны ұстап тұратын желкемен жымдаса бітеді. Жылқы сойғанда терісі сыпырылғаннан кейін жалдың өзін мойын омыртқадан сылып алады. Қимай – соғымға сойылған сиыр етінен дайындалатын тағам. Сиырдың тоқ ішегін тұздап, айналдырып, оның ішіне кесек етіп туралған төстік пен төстің етегін, бұрыш, тұз, жуа қосылған етті салады. Оны шұжық сияқты пісіреді. Еттен кейінгі көптеп қолданылатын тағамға сүттен даярланатын тағамдар жатады.Қазақстан жеріне зерттеу жұмыстарын жүргізген комиссия құрамында болған Фиельструп: «тіпті малы көп қазақтардың тамақтануының өзінде сүт тағамдарының маңызы зор болғандығын сүттен дайындалған тағамдардың әр түрлілігіне қарап-ақ аңғаруға болады»- деп жазады [7, 80-б.]. Сүтті қазақтар ешқашан шикідей ішпеген, тек орыстармен ұзақ уақыт тығыз араласқан кейбір қазақтар шикі сүт ішуді де үйренген. Ұсақ малды күніне бір рет, ал ірі қара малды күніне екі рет таңертең және кешке, жылқыны 4-6, кейде 12 ретке дейін сауатын. Сүтті түнде жалпақ ағаш ыдысқа құйып салқын жерге қоятын, таңертең бетіне түскен кілегейді немесе шикі қаймақты алақанмен сыпырып алатын. Кілегейді қойылғанша қайнатып одан «балқаймақ» немесе кілегейді ағаш ыдысқа жинап сары май шайқайтын. Шайқалған майды тазаланып кептірілген қойдың қарынына немесе бүйеніне сақтайды. Майды көбінесе қыс кезінде бауырсақпен, табананмен қосып жейтін. Жаз айларында сүтті бірден қазанға пісіріп, түнге қалдыратын. Артық айран мен ашыған сүтті арнайы тері ыдыс сабаға құя беретін. 10-15 күннен кейін қатты ашыған бұл сүт іркітке айналатын. Іркітті піспекпен майынан айырып, қалған іркітті қазанға құйып қойылып құртқа айналғанша қайнататын. Оны қапқа құйып сары суы ағу үшін іліп қоятын. Ертеңінде домалақтап өреге жайып қоятын. Көлемі жағынан кішкене сықпа құрттарды шаймен жейтін, ал үлкен құрттарды қысқа сақтайтын. Қыста бұл құрттарды ұннан жасалған көжеге араластырып ішетін [6, 121-б.]. Сонымен бірге қазақтар айранды қайнатып одан «ежгей» дайындайтын. Ал сиыр немесе ешкі сүтінен ашытқы қосып ұйғанша қайнатып «ақ ірімшік» дайындайтын. Ірімшікке тұз және май қосып жейтін. Ірімшікті ұзақ қайнату арқылы «қызыл ірімшік» дайындайтын. Қызыл ірімшікті кептіріп қысқа да сақтады. Түйілген қызыл ірімшік ұнтағына май араластырып «қоспа» жасады. Қоспаны да қарынға салып, қысқа сақтайтын. Қой сүтіне іркіт немесе қымыз араластырып қайнатып «қою сүт» дайындайтын, оны көбінесе кешке ыстық күйінде ішетін. Ағаш тостаққа аз мөлшерде іркіт құйып, оның үстіне қойды бірден сауатын, ол бірден ұйып қышқыл дәмді тағамға айналды. Оны көбінесе балаларға жасап беретін. Таңертең қойшы торсықпен аз мөлшерде қымыз алып шығып, түске қарай бірнеше қойды сауып сүтін қымыздың үстіне торсыққа құятын да кешке дейін өзімен алып жүретін, кешке қарай дәмді, қою және майлы сусын қойыртпақ дайын болатын. Қойшының күндізгі негізгі асы «қорықтық» болды. Орташа көлемді бірнеше тасты отқа салып қатты қыздырып, оларды қой сүті құйылған саптыаяққа салып жібергенде сүт қайнап қойылып қалатын. Оны қорықтық деп атады. Қымызды бие сүтінен сабаға ашыту арқылы дайындайтын. Көктемде сүтке қымыздың тұнбасына сүрленген жамбас сүйекті немесе айранды салып ашытатын. Қымыз уақыты аяқталғанша сабада ашытқы ретінде қымыз қалдырып, үстіне жаңа сауылған сүттен құйып отыратын. Кешке қарай піспекпен әбден піскен соң, таңертең қымыз дайын болатын. Ішер алдында қымызды ұзақ пісіп алып барып тегенеге құйып сапырады. Содан кейін ағаш тостағандарға құйып қонақтарға таратады. Кейбір байлар сабаны үнемі шайқалып пісілуі үшін түнгі күзеттегі жылқышының атына теңдетіп жіберетін болған. «Сабадан қымыз құйдырып, ортасына қойдырып, жасы үлкендер бір бөлек, кеңесіп күліп сылқылдап» - деп ұлы Абай айтқандай, қымызды бүкіл ауыл адамдары күн сайын бас қосып, әзіл, әңгіме араласқан көңілді дастарханда ішетін. Сақталу мерзіміне қарай үш күндік қымызды «құнан қымыз», төрт күндігін «дөнен қымыз», бес күндігін «бесті қымыз» деп таған.
Объяснение: