Ежелгі наным-сенім бойынша Аққу құс атаулының ішіндегі ең киелісі, сұлулық пен әдеміліктің тәңірісі деп түсіндіріледі. Сондықтан да аңшыларға Аққуды атуға тыйым салынған. Қазақтың көне аспабы қобыздың да Аққу құсқа ұқсайтыны жайлы аңыздар сақталған. Аққу күйлерінің сыбызғыда, қобызда, домбырада тартылатын бірнеше нұсқалары кездеседі. Олардың кейбіреулерінің әдемі аңыздары да бар. Осы Аққу күйінде ертедегі жыраудың Аққу құс туралы бір әдемі жыр-толғау айтып отырғаны баяндалған.
Объяснение:
Мынау Аққу күйі туралы
-Сәлем Айдана.
-Сәлем Мадина.
-Қалың қалай? Байқадыңба, елімізде көктем келді.
-Жағдайым жақсы, өзің қалайсың? Ия, байқадым. Қарлар еріп, ағаштар бүршік жаруда.
-Ия, табиғат оянып жатыр.
-Күнде жылынды. Күн ұзаруда. Далада гүлдер өсіп, айналамыз құлпыра түскендей. Аңдар ұйқысынан оянуда, ал қыста жылы жаққа ұшқан құстар оралуда.
-Келісемін, көктем мезгілі тамашағой,Шіркін-ай!
-Ия. Айдана, Сен көктемде қандай мейрамдар бар екенін білесіңбе?
-Әрине, көктемде қазақтың ұлттық мейрамы-Наурыз мейрамы бар. Наурызда күнмен түн теңеледі. Жетікөже пісіріледі. Барлық ренжісіп қалған адамдар бір-бірін кешіреді.
-Ия, жәнеде көптеген ойындар ойналады, мысалы жетібақан, асық және тағы басқа!
-Жарайды, мен қазір сабақ жазуым керек. Сау бол.
-Көріскенше
Менің досым.
Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай өзі сияқты жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман - тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Менің ең жақын досымның есімі – Аружан. Екеуміз ата – аналарымыз арқылы танысқан болатынбыз – біздің аналарымыз мектептен бері жақын құрбылар. Енді міне сол достықтары бүгінгі күнге шейін ұласып, өз балаларында жалғасын тапты. Біздің достығымыздың өзі он жылға жуық жалғасып келеді, Аружан екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Сондықтан мен оның көңілін қалдырмауға тырысамын.
"Дос тұтқанды қадірле" демекші, мен өз досымды бағалаймын, екеуміздің достығымызды мақтан тұтамын.
Аружан - оқу озаты әрі мектепте үлгілі, сыпайы оқушы.
Үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші.
Өмірде осындай, Аружан сияқты досым бар мен бақыттымын. Өмірде дос таңдаудан жаңылмадым деп есептеймін. Достығымыз мәңгілік болып, біздің балаларымыз да өзіміз секілді жақын дос болсын деп тілеймін!